Бүгін тапқан қазынам!

Бүгін тапқан қазынам!

Есіңде қалған емес, жаныңда болғандар қадірлі!

-

Ең жақсы дін – Ислам.

Ең жақсы іс – садақа.

Ең жақсы орын – жайнамаз.

Ең бақытты адам – мұсылман.

-

«Пенделерімнің арасында шүкір етушілері тым аз!» («Саба», 13 аят)

-

Құранды жақсы көру – Алла Тағаланы жақсы көрудің белгісі.

-

Өмір – ұйқы, өлімнен кейін оянар инсан.

Сен асық бол, өлместен бұрын оян. (Жәлалуддин Руми)

-

Бақыт тоқтықта, бақытсыздық аштықта емес. Тоқтық пен аштық адамға да, малға да тән. Бақыт – иманның шырын ләззатын сезінуде. Ал бұл тек Алла Тағаланың таңдаулы пенделеріне нәсіп!

-

Біреулер гүл үзсе, біреулер көңілді үзеді.

-

Біреуге бір балық берсең, оны бір күн тамақтандырған боласың. Ал біреуге балық ұстауды үйретсең, оны өмір бойы тамақтандырған боласың.

-

Алла Тағала жәннатқа лайық көрген пендесіне Ақыретті есіне салатын досты нәсіп етеді.

-

Пенде Хақ Тағаланы жақсы көргеннің белгілері:

- теңіздей кең;

- күндей жылы;

- жердей кішіпейіл. Баязид Бистони (рохматуллаһи ғаләйһи)

-

Дүние шын жылайтын бір ғана жан бар – анаң!

-

Бір сағатын бекер өткізген адамның бір жылын бекер өткізу мәселе емес!

-

Қарыз берген адам қарызын алалмай қапа болса, қарызды беруге шамсы келе тұрып, қарызын бермегенге әр күн, апта, айда зұлымдық істеу күнәсі жазылады. Табарони (рохматуллаһи ғаләйһи)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға