Сенің есімің...

Сенің есімің...

Жантәсілім болған сәттен-ақ пенденің есімі өзгереді.

Сүйекке кіретін адам: «Сүйек қайда?»,-деп, мәйіттің мансабын, тегін, тіпті есімін сұрамайды.

Жаназа намазын оқудан алдын имам: «Марқұмның жасы неше еді?»,-деп, мәйіттің мансабын, тегі мен есімін анықтамайды.

Жаназа намазынан соң: «Табытты көтеріңдер»,-деп айтылып, бұл кездеде мәйіттің мансабы, тегі мен есімі ескерілмейді. Мәйіттің есімі «табыт» болады.

Зиярат басында: «Мәйітті қабырға қойыңдар»,-делінеді. Бірақ мәйіттің есімі аталмайды.

Олай болса мансап, тек, атағыңа алданба! Ғапыл болма! Дүниеге байланба! «Мен – пәленшемін!»,-деп керілме! Пенде кім болмасын, өлгеннен кейін өз есімімен аталмайды. Оның аты:

- сүйек;

- марқұм;

- табыт;

- мәйіт – болады.

Сонымен, ақиқатында сен кімсің?!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға