Әйел табиғаты!

Әйел табиғаты!

Еркектің басым көпшілігі әйелдердің көп сөйлегенін ұнатпайды. Бірақ әйел көп сөйлеудің себептері бар:

1. Әйел табиғаты бос келеді. Осы себептен ол әрдайым сөйлескісі келіп тұрады, әрі кей жағдайда соның опығын жеп жатады. Тіпті әйелзаттың табиғаты сондай, ол өз қадір-қасиетін сөйлей білумен өлшейді. Сондықтан еркек күннің белгілі бір уақытында уақыт ажыратып, әйелімен сұхбаттаспаса, оның сөзін тыңдамаса, отбасыда татулық жоғалуы ықтимал. Сол үшін күнделікті тіршілік мәселелерін талқылаумен қатар, діни мазмұндағы, мәселен иман, тақуалық, құлшылық, Ақырет, жәннат пен тозақ жайында әңгімелескен жақсы.

2. Әйел көп уақытын жалғыз өткізсе, не болмаса бос уақыты көп болса, көп сөйлейтін болып қалады. Мұндай болмау үшін ері мен әйелі ақылдасып, бос уақытты дұрыс пайдаланудың жолын қарастырғандары жөн.  Егер екеуі қосылып істейтін бір іс болса, тіпті жақсы. Мысалы, Құран, хадис, діни мазмұндағы кітаптарды оқу.

3. Әйел ері оған мән бермейтінін, оның қадірлемейтінін және онымен сұхбаттасуды қаламайтынын сезсе, көп сөйлейтін болады. Өзінің бар екенін білдіріп қою үшін! Мұндай жағдайда еркек әйеліне уақыт ажыратып, оның сөзіне құлақ асып, жұбайы оған сырын айтуға мүмкіндік бергені жөн. Бұлай етпеген жағдайда әйел өз табиғатына сай көп сөйлеу қасиетін артық, мәнсіз әңгіме айтумен болсада көрсетеді.

4. Әйелзат бала тәрізді. Әдетте бала мақтағанды жақсы көреді. Әйел де мақтағанды жақсы көреді. Сондықтан мақтаған сайын, жайыла түсеетін әйелдер бар.

Сөз соңы!

Әрине, текті жерден шыққан, саналы, тәрбие көрген әйел тек өз дегенімен жүрмейді. Жаңа шаңыраққа келін болып түскен әйелзат барған жеріне бейімделіп өзгереді, не болмаса барған жерін өзіне бейімдеп өзгертеді. Бұл жағдайда ол барған жеріне «тастай батып, судай сіңіп кетуі» екі талай!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға