Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Бала атанасының бейнесі!

Бала атанасының бейнесі!

Балаңызға: «Дуалға сызба!»,-демеңіз. Оданда балаңызға дәптер алып беріп: «Осында жаз! Кейін кітап қылып шығарамыз»,-деңіз. Сонда балаңыз жазуға дағдыланады.

Балаңызға: «Бөлме ыбырсып кетіпті. Тазалап қой!»,-демеңіз. Оданда: «Балам! Сен тәртіпті, тазалықты жақсы көретін баласың. Кел, заттарды реттеп қойлық!»,-деп заттарды бірге жинастырыңыз. Бір-екі рет солай істегеннен кейін, балаңыз заттарын өзі жинайтын болады.

Перзентіңізге: «Болды, осы ойнағаның жетеді! Сабағыңды оқы!»,-дегеннен гөрі: «Сабағыңды оқысаң, бірге ойнаймыз, не болмаса сен қалаған іспен шұғылданамыз»,-деңіз. Сонда бала сіздің дегеніңізді қадірлеп үйренеді.

Балаңызға: «Жуын! Тісіңді тазала! Осыны мен айтпасам болмай ма?»,-демеңіз. Оданда: «Балам, сен мені үнемі қуантасың. Мен айтпасамда, жуынып, тісіңді тазалайсың!»,-деңіз. Сонда балаңыз тазалыққа дағдыланады.

Перзентіңізге: «Тәттіні көп жей берме. Тісіңді құртасың»,-дегеннен гөрі: «Сен денсаулығыңды күтінгенің мені қуантады. Сен ақылдысың! Сондықтан тәттіні көп жемейсің»,-десеңіз, балаңыз өзін күтінгенге дағдыланады.

Балаңызға: «Тұр! Намазыңды оқы! Тозаққа түсесің»,-деп ескерткенен гөрі: «Кел! Намаз оқимыз! Сонда жәннатқа бірге кіреміз!»,-деп айтсаңыз, балаңыз намазға дағдыланады.

Перзентіңізге: «Сені тамақты сол қолыңмен жеме деп қанша рет ескертсе болады?»,-дегеннен гөрі: «Біз мұсылманбыз! Мұсылмандар тамақты оң қолыңмен жейді»,-деп оң қолыңызбен астансаңыз, балаңыз оң қолмен тамақтанатын болады.

Негізі, балаға қайта-қайта айтқаннан гөрі, көрсеткен абзал. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады! Ата-ананың әрбір сөзі мен ісі балаға әсер ететінін ұмытпайық! Бала ата-анасының бейнесі екенін естен шығармайық!

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014