Анасын қадірлей білген бала!

Анасын қадірлей білген бала!

Бір бала алты жасында әкесінен айырылып қалады.

Қиын қыстау заман болатын. Күнкөріс үшін баланың анасы жұмыс қарастырды. Бірақ ешбір жер әйелді жұмысқа алмады. Лажы жоқтықтан әйел арзымайтын ақшаға құрылыс жұмысына жалданды. Жесір әйел осылайша күнелтіп күн көріп, жалғыз баласын өсірді.

Уақыт өтті. Бала ержетіп, үлкен кәсіпкер болды.

Күндердің күнінде бір үй сатылуға қойылды. Бала үй иесіне келіп үйдің нарқын сұрады: «Үйіңізді қаншаға сатасыз?»

Үй иесі үйдің бағасын айтты.

Сол кезде бала саудаласпастан әмиянынан үй иесіне айтқан ақшаны алып берді.

Үй иесі қуанып ақшаны санап алды. Кейін: «Үй сізге сатылды. Бүгіннен бастап үй сіздікі. Бірақ сіз саудаласуды білмейді екенсіз. Саудалассаңыз үйдің бағасын түсіріп берер едім»,-деді.

- Сіздің де саудадан хабарыңыз жоқ екен. Үй нарқын жоғары айтсаңыз, саудаласпастан үйді сол бағаға сатып алар едім.

Бұл сөзге таңданған үй иесі: «Бұл үйді не себепті сатып алып жатырсыз?»,-деп сұрағанда бала: «Жиырма жыл бұрын анам осы үйдің құрылысына қатысқан еді. Енді оны анама сатып алып беріп жатырмын»,-деп жауап берді.

Аналарымыз, ананың қадірлей білген балаларымыз аман болсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға