Сәлемдесудің бір тұсы!

Сәлемдесудің бір тұсы!

Имам Тирмизи (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу Умамадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте адамдар Пайғамбарымыздан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Уа, Расулуллаһ! Екi адам кездессе, олардың қайсысы алдымен сәлемдеседi?»,-деп сұрағаны жайында айтылған. Сонда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Алла Тағалаға жақын болғаны»,-деп жауап береді. (Тирмизи)

Сәлемдесу:

- имандылықтың;

- көргендіктің;

- Алла Тағаланың әміріне бойсұнудың;

- Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннетіне ерісудің;

- мұсылман мұсылман бауырына жақсылық тілеудегі ықыластың белгісі.

Бірінші болып амандасқан мұсылман Хақ Тағалаға жақын болғаны, яғни Алла Тағаланың рахметі мен сауабына лайық болудың мәнісі осы!

«Ассаләму аләйкум уа рохматуллаһи уа баракатуһ!»,-деген мұсылмандық амандасу үлгісі Хақ Тағаланы зікір етудің, дұға-тілектің бір үлгісі екенін естен шығармайық!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға