Шайтан қалай азғырды?

Шайтан қалай азғырды?

Адам (ғаләйһис-саләм) жаратылғаннан кейін Алла Тағала періштелерге оған иіліп сәлем беруді, яғни құрмет көрсетуді бұйырды. Сонда періштелердің арасында болған Ібіліс: «Ол – топырақтан, ал мен оттан жаратылғанмын»,-деп, өзін Адамнан (ғаләйһис-саләм) жоғары санап, оған сәлем беруден бас тартты. Осы кезде Ібіліс өзінің тәкаппарлығы себебінен шайтанға, яғни малғұнға (Алла Тағаланың лағнетіне ұшырағанға) айналды да, ражим болдуы, яғни жәннаттан қуылды.

Ражим – қуылғанған, Хақ Тағаланың рахметінен алыстатылған.

Лағнеті шайтан жәннаттан қуылғанан кейін, Адам ата мен Хауа ананы азғыру үшін, біріншіден: жәннатқа қалай кірді, екіншіден: Адам ата мен Хауа ананы қалай азғырды?

Бұл екі мәселеде ғалымдардың арасында бір ауыздан айтақан пікір жоқ.

Бірінші мәселе: шайтан жәннатқа қалай кірді?

1. Имам Қуртубидің (рохматуллаһи ғаләйһи) тафсирінде Уаһд ибн Мунаббиһтің (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаяты келтірілген. Оның айтуынша шайтан жәннатқа жыланның аузына жасырынып кірді.

2. Жәннаттан қуылғаннан кейін шайтан онда қайта кірмеді. Ол Адам ата мен Хауа ананы жәннаттың есігінің алдында тұрып азғырды.

3. Жәннат сақшылары оны танып қоймау үшін шайтан бір жәндікке айналып, жәннатқа солай кірді.

4. Жәннатқа өзі кіре алмайтын болғаннан соң, Адам ата мен Хауа ананы азғыру үшін өзінің нөкерлерін жіберді.

5. Шайтан Адам ата мен Хауа анаға жоламастан, өзінің азғыру қабілетін пайдаланды.

Екінші мәселе: шайтан Адам ата мен Хауа ананы қалай азғырды?

1. Жоғарыда айтылғандай ғалымдар бұл мәселеге қатысты түрлі пікір айтқан. Мәселен, ғалымдардың басым көпшілігі, соның ішінде Абдулла ибн Аббас пен Абдулла ибн Масғуд (родиял-лаһу ғанһума) шайтан Адам ата мен Хауа ананы сөйлеп азғырды деп, дәлел ретінде Құранның: «Шайтан оларға қасам ішіп: «Мен сендердің адал насихатшыларыңмын»,-деді»,-деген аятын келтірген. (Құртуби тафсирі. «Ағраф», 21 аят)

2. Имам Байдауидің (рохматуллаһи ғаләйһи) айтуынша ғалымдардың арасында шайтан Адам ата мен Хауа ананы азғыру жолы мәселесінде ихтиләф (түрлі көзқарас) бар. (Байдауи тафсирі)

Келесі мәселе: шайтан Адам ата мен Хауа анаға не жеңізді?

Бұл мәселеге де қатысты ғалымдар түрлі пікір айтқан. Мысалы, имам Қуртубидің (рохматуллаһи ғаләйһи) тафсирінде келтірілген Уаһб ибн Мунаббиһтің (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаятында шайтан алдымен Хауа анаға бір талдың жемісін ұсынады. Алла Тағала Адам ата мен Хауа анаға ол талға жоламауды бұйырған болатын. Бірақ шайтан Хауа ананы ол талдың жемісін жегенін, әрі ол оған зиын тигізбегенін айтып азғырды. Содан сол жемісті алдымен Хауа, кейін Адам ата жеді. Сол сәтте-ақ олардың әуреттері ашылып, Алла Тағала үшеуін де жерге түсірді.

Осы айтылғанның ішінде ғалымдардың басым көпшілігі Абдулла ибн Аббас пен Абдулла ибн Масғудтың (родиял-лаһу ғанһума) сөзін, яғни шайтан Адам ата мен Хауа ананы тікелей сөйлеп азғырды деген сөзді құптаған.

Қортынды!

Бұл жерде біз үшін маңыздысы – лағнеті шайтан Адам ата мен Хауа ананы азғырғаны, әрі сол азғыруға еріп Адам ата мен Хауа ананың жәннаттан қуылғаны. Осыдан шайтанның адам баласына деген қастығы айқындалып тұр. Әңгіменің өзегі осы!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға