Һижри күнтізбенің бір ерекшелігі

Һижри күнтізбенің бір ерекшелігі

Ибн Омар (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазан жайында айтып екі алақанын жайып: «Ай былай және былай болады»,-деп кейін үшіншісінде тағы екі алақанын көрсетіп, соң бас бармағын бүкті». (Бухари)

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мүбәрақ екі алақанын үш қайтара көрсеткені – 30 күн болады дегені. Сонан соң бас бармағын бүккені – және 29 күн болады дегені.

Демек, һижри күнтізбенің бірінші ерекшелігі – бір айда 30 немесе 29 күн болады.

Екінші ерекшелігі – һижри күнтізбеде тәулік есебі күн батқаннан, ал ай – жаңа ай туылғаннан басталады. Бұл мәселеге қатысты Хақ Тағала «Бақара» сүресінің 189-аятында: «Уа, Мұхаммед! Олар сенен жаңа туған ай жайында сұрайды. Оларға: «Ол – уақытты белгілеу үшін»,-деп айт»,-десе, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Ақиқатында Хақ Тағала жаңа туған айды адамдарға уақытты белгілейтін құрал етті»,-деген.

Рамазан айының есебі жаңа туған ай туылғаннан, дәлірек айтар болсақ күн батқаннан кейін басталудың мәнісі осы! Осы себептен біз тарауих намазын түннен бастап, айттан бір күн бұрын тәмамдаймыз.

Абдуссамад Махат. «Оразаға қатысты хадистер жинағы».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға