Алматы қаласына қанша мешіт керек?

Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух, бауырлар!

Біз Алматы қаласында кішігірім зерттеу жүргізгенбіз. Зерттеу нәтижелері бойынша қазір Алматы қаласында 2010 жылдың 1 қаңтарына ресми статистика бойынша 1 479 500 адам тұрады ал енді оларға қызмет етіп жатқан мешіттер саны 33.

Ал 185 700 адам тұратын Алмалы ауданында бір ақ мешіт жұмыс істеп тұрғанын бірі білсе бірі білмес. Мұсылман және зайырлы

Мемлекеттердің ірі қалаларында неше мешіт бар? Алматы қаласына неше мешіт керек және олар қайда орналасу керек? Халықта ішімдік ішу деңгейімен діндарлық деңгейінің арасында байланыс барма?Енді біз осы сауалдарға жауап беруге тырысамыз. Ең алдымен , неге қазіргі кезде біз әлемдік дағдарысты басымыздан өткізгеннен кейін мемлекет басшылары дін қызметкерлеріне үлкен үміт артып отыр және халықтың рухани біліміне үлкен көңіл беріп отыр.Дағдарыстан 50 ден астам мемлекет зардап шегіп енді дағдарысқа қарсы бағдарламаларға 10 триллион доллар бөліп отыр ( АҚШ, Жапония, Евро одақ мемлекеттері, Ресей, Қазақстан және т.б.) Ғалымдар, дағдарыс « ешқандай қиындықсыз үйде отырып баю » үшін жасаған несиелеу жүйесінің салдарынан болды деп отыр.Мұның себебі халықтың рухани құлдырауы. Рухани құндылықтарды көтеру ортасында мешіттердің ролі мен мәртебесін радикалды инновация элементі ретінде қарастырып көрейік.

Байырдан мешіттер рухани құндылықтарды,мәдениетті, тарататын ағарту ошақтары болып саналатын. Тәуелсіздік туын қолымызға алғалы елімізде 2400 мешіт салынып, енді оның қатарын көбейту жоспарлары қарастырылып отыр. Ай сайын десек артық болмас, жаңа мешіттердің жобасы құрылып салынуға беріліп жатыр. Елімізде өздерін мұсылман деп санайтындар саны 60% — ға жетіп отыр.Қазақстанның жергілікті тұрғындары үшін ислам байырдан ата діні болып қалған. Бұл дінмен қазақ даласының ұлы ойшылдарымен ағартушылардың аты тығыз байланысты мысалға; Әл Фараби, Яссауй, Абай, Шәкәрім, Машһүр Жүсіп, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов және т.б. Көптеген қиындықтарға құғынға қарамастан ислам Верный қаласында да өмір сүріп дәурендеген. Ислам кітапханалары болып, оның ашылуы 1907 жылы болған. Кітапхана құжаттарының деректеріне қарасақ ол жерде орыс тілінде 920 араб тілінде 734 экземплярда кітап және газеттер мен журналдар болған. Кітапхана әкімшілігінің статистикасы бойынша оның келушілері Верный қаласының 7000 мусылман, 4000 орыс тұрғындары болған.

Бүгінгі күні мемлекетімізде дәстүрлі дінімізді қолдау және оның кең қанат жайуына шаралар ұйымдастырылып жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Алматы қаласы бойынша аудандардағы тұрғындардың санын көрсетейік. ( 1 кесте.)

1.01.2010. жылына Алматы қаласындағы аудандар бойынша статистика жағдайы:

          1 кесте
аудан Тұрғындары(ад) Мешіт саны 1 мешітке адам саны Территория кв. км
1 Алатау 125 000 10 12 500 75,7
2 Медеу 157 800 7 22 543 93,6
3 Жетісу 174 300 5 34 860 34,6
4 Алмалы 185 700 1 185 700 18,2
5 Түрксіб 198 800 4 49 700 58,2
6 Бостандық 298 900 3 99 633 27,8
7 Әуезов 357 000 3 119 000 31,3
  Барлығы 1 497 500 33 45 379 339,4

 

Жоғарыда айтып өткеніміздей Қазақстан Республикасында 60 % — дан астам мұсылмандар тұрады. Ал Алматы бойынша да мұсылмандардың саны 60 % — ды құрайды десек онда тек Алматыда 1 01 2010 жылға 880 000 ға жуық мұсылман тұрады.Кестеде көрсетілгендей ең қатты мешіттердің жетіспеушілігі Алмалы ауданында екен ( 185 700 тұрғынға 1 мешіт ), Әуезов ауданында ( 357 000 тұрғынға 3 мешіт), Бостандық ауданында (298 900 тұрғынға 3 мешіт). Келесі жерде төмендегі сұрақтар орынды деп ойлаймыз:

1 Алматы қаласында неше мешіт болу керек?

2 Олар қай жерлерде орналасу керек?

3 Олар неше адамға есептеліп салыну керек?

Алматы қаласының мешіттеріне келушілердің анализін жүргізіп көрдік ( Алматы орталық мешіті, Ақсай мешіті, Тастақ мешіті, Таулы Қырат мешіті). әр кездерде намазға келіп қатысушыладың санын келесі келесі диаграммамен келтірдік. Диаграмма 2010 жылдың ақпан наурыз айларында зерттеу жүргізу нәтижесі бойынша құрылған.

 

2010 жылдың ақпан наурыз айларында мұсылмандардың мешітке баруы. Диаграмма 2.

 

Бұдан келесідей нәтиже шығады:

1 Мешіттің орналасуына, ауданына қарамастан адам саны 500 ден аспайды.

2 Намаз кезінде мешіттер жұма намазы немесе айт намаздарындағыдай лық толмайды яғни, бар мешіттер келушілерге жеткілікті. Салыстырмалы түрде қарасақ: орталық мешіттің үлкен залына шамамен 1 700, Ақсай мешітінің екі залын қосқанда 500 адам, « Таулы Қырат» мешітіне екі залын қосқанда 500 адам, « Тастақ » мешітінің екі залын қосқанда 700 адам сияды екен.

Жалпы алғанда адамды сыйдыру жағынан Алматыда істеп жатқан мешіттер саны қанағаттанарлықтай. Енді сұрақ: неге қалада мешіттер жеткіліксіз бола тұра намаз кезінде олар толмайды.Мешітке келетін мұсылмандардың басым көпшілігі сол мешітке жаяу бара салатындай жақын тұратындар немесе жұмыс істейтіндер. Жұма намаз немесе айт намаздары кезінде мұсылмандар алыс жақынына қарамастан, көліктің түріне қарамастан мешіттерге келіп олардың ішін толтырады да мешітке жақын жерлер мен кварталдарда қойылған көліктерден орын болмай қалады. Мұндай кезде алыс болсын жақын болсын көлікпен болсын жаяу болсын адамның мешітке қарай асығатыны рас. Хадиске жүгінетін болсақ адамның мешітке барғандағы алар сауабы оның мешітке дейін жасаған қадамдарына сай болады. Алғаш иман келтіргендердің ішінде мешітке дейін қадамдарын көбейту үшін адымдарын өте ұсақ жасағандары да болған. Азан шақыру уақытымен парыз намазды бастау уақытының арасы 15 мин. Есептеу бойынша осы уақытта мешітке жету үшін намазхан адам 1,0 1,4 км қашықтықта болу керек. Мұсылман мемлекетінде осы есепті мешіт салар алдында басты негізге алады демек, мешітке келуші адам 1,5 км жердегі уамақта тұрып не жұмыс істеуі керек. Осының салдарынан территориясы 5 * 3,5 км Алмалы ауданындағы жалғыз « Тастақ » мешіті толмайды, осының салдарынан университеттің контингентін қосқанда да « Нұр Мұбарак » мешітінде намаз оқушылар саны 150 ден аспайды.

Теориялық үлгі. Егер қаланың картасына 2 * 2 км ұяшықтары бар тор жауып есептейтін болсақ келесідей нәтиже байқаймыз. Мешіттің теориялық орналасу нүктесінің вертикалды және горизанталды қиылысы. Намазхан мен жақын арадағы мешіттің ара қашықтығы максималды 1,4 км болады. Қаланың аумағы 339 кв. км. Демек, шамамен мешіт саны = 339: (2 * 2) = 84. Қалада халық игілігіне жұмыс істеп жатқан 33 мешіт бар, енді 51 мешір қажет. Орта есеппен 500 адам сиятын мешіт онда 51 * 400 = 20 400 адамға орын шығарамыз.

Кейбір мемелекеттер мен олардың астаналарындағы мешітті есептеу нәтижесін келтірейік те біздің қаладағы мешіттердің саны мен олардың орналасуын келтірейік. ( 3 кесте.)

 

 

Ірі қалалардағы мешіттер саны бойынша мысалдар

Қала 2008 2009 жылға адам саны Мешіттер саны 1 мешітке адам саны
1 Стамбул ( Турция ) 14 570 000 3 028 4 812
2 Эр Рияд ( Сауд Арабия ) 4 606 888 2 400 1 920
3 Дамаск ( Сирия ) 4 000 000 2 000 2 000
4 Алматы ( Қазақстан ) 1 497 500 33 45 379
5 Лондон ( Великобритания ) 8 326 842 100 83 266
6 Пекин ( Қытай ) 17 817 968 70 254 542
7 Нью Йорк ( АҚШ ) 8 700 000 140 62 143
8 Москва ( Ресей ) 10 514 400 6 1 752 400
9 Шымкент ( Қазақстан ) 670 000 36 16 611
10 Сайрам ауылы ( Оңтүстік қазақстан облысы ) 45 000 22 2 045
         

 

 

 3 ші кестеден көріп тұрғанымыздай Алматыда 1 мешітке адам саны Стамбул қаласымен салыстырғанда 9,4 Эр Риядпен Дамаскпен салыстырғанда 23,6 көп болып келеді. Мына қызық жайтқа қараңыздаршы Дубайда ( Біріккен Араб әмірлігінде) мешіттер мен намазханалар орналасу аралығы шамамен 0,5 км және намазханалар кафе, ірі сауда орталықтарында, бизнес орталықтарында, мемлекеттік мекемелерде және жеке офистарда т.б. жерлерде орналасқан.

Неге мұсылман мемлекеттерінде мешіттерге соншалықты үлкен мағана береді? Мысалға ішімдікке тәуелділіктің өзгеруімен дінге қажеттіліктің өзгеру деңгейін көрсетейік. Ішімдік ішу көбіне басқа тыйым салынған күнәлардың басы болып саналады да рухани құндылықтардың жойылуына алып келеді.

Ішімдікке тәуелділіктің өзгеруімен мұсылмандардың дінге қажеттілігінің өзгеру деңгейінің үлгісі (4 диаграмма.) Әңгіме 18 жастан жоғары жастар жайында болып отыр.

 

 

CCCР кезіндегі дінді ұстанған қоғамның пайызы нөлге тең қоғамда ішімдік ішушілердің саны өте жоғары болды.Ал қазіргі дінді ұстанушылардың саны 100 пайызға жетуге аз қалғанда ішімдік ішу деңгейі едәуір төмендеді.

Осы жерде айта кетер бір маңызды жайт, халық арасында дінді, адамгершілік, рухани, мәдени құндылықтарды жеткізу жолында қазақстан мұсылмандардың діни басқармасы өте үлкен жұмыстар атқарып жатыр және барлық шаралар сол басқарманың басшылығымен істеліп жатыр. Ол бірінші кезекте отандас бауырларымыздың шығарылып жатқан діни ағартушылық әдебиетімен шет елдік ең үздік әдебиеттерден аударған еңбектері.Бұл еңбектер негізінен қазақ және орыс тілінде шығарылады. Сондай ақ жұма намазынан кейін, басқа да жамағатпен оқылған намаздардан кейін намазхандар үшін жүргізілетін имамдардың уағыздары себеп болып жатыр.Мешіттердің жанындағы ашылып жұмыс істеліп жатқан араб тілін, тәжуйд ілімдерін, басқа да діни ілімдерді үйрету курстары. Бақылаулар нәтижесі бойынша мешітке келуші намазхандар көбі 30 жастан төмен жастағы жастар.Мешіт ішіндегі тыныс та едәуір өзгерген: оның ішінде діни әдебиет көбейіп, намазхандардың діни білімі көбейіп, араларында өте мәнді әңгімелер байқалады.

Сондықтан мешіттерде жүргізіліп жатқан сабақтардың себебімен қоғамымызда секталардың уағыздау жұмыстары тоқтап олардың тұзағына түсушілер саны азайып, исламның атын жамылып өз пайдасын көздейтін пайдақорлардың да жұмысы тоқтамақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. мешіттерді діннің, рухани құндылықтың, білімнің ошағы ретінде салып сондай болуын қалаған, жоғарыдағы жайттарға қарап біздің мешіттердің осы мақсатқа сай болып келе жатқанын байқаймыз. Көк Төбе тауының етегінде Республикадағы ең үлкен мешіттің іргесі қаланды, ол 20 000 адамға есептелген, мешіт биіктігі 64 метр,мұнарасы 84 метр, жалпы аумағы 16 га,салу жұмыстарына 40 45 миллион доллар қажет. Осы мешіт біздің қоғамымыздағы мешіт жетіспеушілігін шешеме, салынғаннан кейін тек үлкен ғимаратты ұстау үшін қаражатты қажет етіп тұра бермейме?

Зерттеу нәтижелеріне қарасақ біздің қаламызда 33 мешіт бар енді 2 * 2 квалрат киллометрде 300 400 адам сыйғызатын 51 мешіт қажет болып тұр. Қазір біздің қаламызда көп қабатты үйлерді салу үшін үлкен аумақтағы жерлер алынып бірақ дағдарысқа байланысты салынбай бос тұрған жерлер көп. Көп қабатты үйлерді қаланың тарихи жерлерінде салу қаланың көрінісін бұзады және қала инфраструктурасына және экологиясына кері әсерін тигізеді. Керісінше ол жерлерде шағын ғана әдемі мешіттерді салып қойса қаламызға қайталанбас ерекше әсемділік сыйлары хақ. Мүмкін бұл біздің ұрпағымызға қымбат тарихи мұра қалдыруымыздың бір мүмкіндігі шығар.

.

Осы зерттеуді «Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің» 5 жылдық мерейтойына арналған

«Қазақстан жастарының дағдарысқа қарсы бағдарламадағы ролі» атты ғылыми конференцияға студенттер мен магистранттар дайындады. Ол 2010 жылдың 26 наурызда Алматы қаласында өтті.

Зерттеуді Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Тарих және дінтану» факултетінің кешкі бөлімінің студенттері Сыздықов С.И., Әжбенова В.В. дайындады, ғылыми жетекшісі: Жайылғамнова А.А.

.

«Халал Про» газетінен, Орыс тілінен аударған: Анар ҚАСЫМОВА

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға