Мухаммад (с.ғ.с.) үмметінің дәрежесі

 

حَدَّثَنَا مُوسَى بْنُ إِسْمَاعِيلَ حَدَّثَنَا عَبْدُ الْوَاحِدِ بْن زِيَادٍ حَدَّثَنَا الأَعْمَشُ عَنْ أَبِي صَالِحٍ عَنْ أَبِي سَعِيد قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ

يَجِيءُ نُوحٌ وَأُمَّتُهُ فَيَقُولُ اللهُ تَعَالَى هَلْ بَلَّغْتَ فَيَقُولُ نَعَمْ أَيْ رَبِّ فَيَقُولُ لأُمَّتِهِ هَلْ بَلَّغَكُمْ فَيَقُولُونَ لاَ مَا جَاءَنَا مِنْ نَبِيٍّ فَيَقُولُ لِنُوحٍ مَنْ يَشْهَدُ لَكَ فَيَقُولُ مُحَمَّد صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأُمَّتُهُ فَنَشْهَدُ أَنَّهُ قَدْ بَلَّغَ وَهُوَ قَوْلُهُ جَلَّ ذِكْرُهُ (وَكَذَلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمَّةً وَسَطًا لِتَكُونُوا شُهَدَاءَ عَلَى النَّاسِ) وَالوَسَطُ الْعَدْلُ.

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Қиямет күні Нұх пайғамбар (ғаләйһис-саләм) мен оның үмметі келген сәтте Хақ Тағала Нұх пайғамбардан (ғаләйһис-саләм): «Міндетіңді[1] орындадың ба?»-деп сұрағанда, ол: «Уа Раббым! Орындадым»-дейді. Кейін Нұх пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) үмметінен: «Нух өз міндетін орындады ма?»-деп сұрағанда, олар: «Жоқ. Бізге ешбір пайғамбар келмеді»-дейді. Аллаһ Тағала Нұх пайғамбардан (ғаләйһис-саләм): «Сенің міндетіңді орындағаныңа кім куә?»-деп сұрағанда, ол (ғаләйһис-саләм): «Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) және оның үмметі»-дейді. Сол сәтте біз Нұх (ғаләйһис-саләм) пайғамбарлық міндетін атқарғанына куәлік етеміз. Хақ Тағаланың: «Сендер адамдарға куәлік ететін орташа[2] үммет еттік»-деген сөзі[3] осыны меңзейді».

Хадисті Әбу Саъид Әл-Худриден (родиял-лаһу ъанһу) Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Ибн Мажәһ, Имам Тирмизи және Имам Ахмад риуаят етті.[4]



[1] яғни, пайғамбарлық міндетіңді.

[2] яғни, әділетті.

[3] «Бақара» сүресі, 143 аят.

[4] «Тухфатүл-Ахуази», «Зиядатүл-Жәмиъис-Сағир», «Сунәнут-Тирмизи», «Сахихүл-Бухари», «Канзүл-Ъүммәл» және «Муснадүл-Имами Ахмад».

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға