Ораза сауабынан мақұрым қалғандар

حَدَّثَنَا عمرو بْن رافع حَدَّثَنَا عَبْد اللّه بْن المبارك عَن أسامة بْن زيد عَن سعيد المقبري عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رُبَّ صَائِمٍ لَيْسَ لَهُ مِنْ صِيَامِهِ إِلاَّ الْجُوعُ وَرُبَّ قَائِمٍ لَيْسَ لَهُ مِنْ قِيَامِهِ إِلاَّ السَّهَرُ.

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Ораза ұстағандар мен түнде құлшылық ететіндердің ішінде оразасы бар болғаны аш жүру,[1] ал түнгі құлшылығы сайып келгенде түнді көз ілмей өткізу болғандары бар».[2]

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ибн Мажәһ, Имам Насаи, Имам Ибн Хузайма, Имам Әл-Хаким, Имам Табарони және Имам Ахмад риуаят етті.[3]

 



[1] яғни, оразасын Аллаһ Тағала қабыл етпеген, әрі оразасы үшін сауап алмаған. («Сунәну Ибн Мажәһ») Имам Ғазали: «Бұған қатысты: «Ол харам нәрсемен немесе өзгелерді ғайбаттау себебінен адам етін жеумен ауыз ашқан не болмаса дене мүшелерін күнәдан сақтамаған»,-деп айтылған»,-деген. Сонымен қатар, мұның мағынасы: оразаның шарттарын орындамау себебінен оған сауап берілмейді. Ал оразаның шарттарына ықылас пен Хақ Тағаланың әміріне бойсұну жатады. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[2] бұл хадисте күні бойы ауыз бекітіп, кешке харам жолмен тапқанымен ауыз ашқан адамның жағдайы баян етілуде. Ораза үшін қанша сауап тапса да, алайда харамды азық етудің күнәсі одан артып кетті. Осының себебінен оған күні бойы аш жүргеннен басқа ештеңе нәсіп болмауы табиғи нәрсе. Түнімен көз ілмей құлшылық ету жайында да осыны айтса болады. Біреу түнімен құлшылық етіп, аз ғана ғайбат айту немесе басқа бір кемшілігі себебінен түні бойы тапқан сауабынан айырылады. Мәселен таң намазын қаза етсе, болмаса ұйықтамағанын басқалар білсін десе, онда түнімен құлшылық етуден не пайда?!

[3]«Әл-Жәмиъус-Сағир», «Сунәну Ибн Мажәһ», «Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир», «Кәшфүл-Хафа», «Канзүл-Ъүммәл», «Әт-Тарғиб», «Мажмаъуз-Зауаид», «Муснадүл-Имами Ахмад» және «Муъжәмут-Табаронил-Кәбир».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға