Иғтикәфтың артықшылығы

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ فِي الْمُعْتَكِفِ هُوَ يَعْتَكِفُ الذُّنُوبَ وَيُجْرَى لَهُ مِنَ الْحَسَنَاتِ كَعَامِلِ الْحَسَنَاتِ كُلِّهَا.

«Ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) иғтикәф етушіге қатысты: «Ол күнәдан аман болады. Әрі оған барлық ізгі амал етушілерге жазылған сауап жазылады»,-деді».[1]

 



[1]«Әл-Мишкәт» және .Хадисте иътикәфтың екі ерекше пайдасы жайында айтылған. Біріншіден: иътикәфтің себебінен пенде күнәдан сақтанады. Рамазан тәрізді Аллаһ Тағаланың нұры жауған уақытта күнә істеу – үлкен қылмыс. Ал иътикәфтің себебінен адам мұндай келеңсіздіктен аман болады. Екіншіден: иътикәфта болу себебінен адам жаназаға қатысу, науқасты зиярат етіп, оның қал-жағдайын сұрау т.с.с. амалдарды істей алмайды. Осы бептен иътикәфшы істей алмаған амалдың сауабын оны істемей-ақ табады. Мезгілі жеткен сәтте Аллаһ Тағаланың рахметі аз ғана дұғаның себебінен нөсерлеп жауады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға