Қадір түнін құлшылықпен өткізудің артықшылығы

حَدَّثَنَا يَحْيَى بْنُ يَحْيَىَ قَالَ قَرَأْتُ عَلَى مَالِكٍ عَنِ ابْنِ شِهَابٍ عَنْ حُمَيْدِ بْنِ عَبْدِ الرّحْمَنِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ. (كذا فى الترغيب عن البخارى ومسلم).

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Қадір түнін шын иман келтірген[1]әрі сауаптан үміттенген халде[2] өткізген пенденің бұрын істелген күнәлары кешіріледі».[3]

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Әбу Дауд, Имам Насаи және Имам Ахмад риуаят етті.[4]

 



[1] яғни, намаз оқу, Құран оқу, зікір т.с.с. құлшылық түрлерін орындаумен. Хақ Тағала Қадір түні сауап нәсіп нәсіп ететіне сенген халде. («Тухфатүл-Ахуази»)

[2] яғни, көзбояушылық етпей, ықыласпен, Хақ Тағаланың разылығы мен сауап алу ниетімен. Хаттаби (родиял-лаһу ъанһу): «Үміттенген халде» сөзінің мәнісі: ықылассыз, қаламаған халде емес, бәлкім сауапты алу яқинімен (яқин – нақты сенім) және сергек жүрекпен өткізу»,-деген. Себебі қаншалықты сауап алғанға иман мен нақты сенім болса, құлшылық машақатына төтеп беру де соншалық дәрежеде жеңіл болады. Адам баласы Хақ Тағалаға қаншалықты жақындаса, құлшылыққа деген ықыласы да соған сай күшейе береді.

[3] ғалымдардың пікірінше, бұл хадисте кіші күнәнің кешірілуі жайында айтылған. Себебі Құранда үлкен күнәнің кешірілуіне қатысты: «Тек шын жүректен өкініп, тәубе еткен (яғни күнәдан қайтқан)»,-делінген. Осыған сүйене отырып ғалымдар бір ауыздан үлкен күнәлар тәубесіз кешірілмейтініне келісіп, күнәнің кешірілеуі жайында айтылған хадистің барлығын кіші күнәнің кешірілуімен байланыстырған. Негізі мұсылман күнәні кіші және үлкен деп айырмауы тиіс. Себебі, мұсылман пенденің күнә істегені жараспайды. Күнә істегеннің өзінде, ол тәубеге келмейінше тыным таппайды. Әрі уақыты келгенде, мәселен Қадір түні, мұсылман сауап алу үмітімен құлшылық етеді. Мұндай жағдайда ол істеген күнәлары үшін ұялып, өздігінен тәубеге келеді. Тәубе – өткен күнәлары үшін ұялу, әрі болашақта оны қайталамауға нақты ниет ету. Осы себептен біреу үлкен күнә істеген жағдайда Қадір түні немесе басқа бір дұғалар қабыл болатын мезгілде Жаратушысынан күнәлары кешірілуі үшін, шын жүректен тәубеге келіп, дұға етуі тиіс.

[4]«Әл-Жәмиъус-Сағир», «Тухфатүл-Ахуази», «Таһзибу сунәни Әбу Дауд», «Хашиятус-Санади ъалән-Насаи», «Риядус-Солихин», «Сунәнут-Тирмизи», «Сунәнун-Насаи», «Сунәну Әби Дауд», «Сунәнун-Насаи», «Сахихүл-Бухари», «Сахиху Муслим би шархин-Науауи», «Сахиху Муслим», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари», «Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир», «Канзүл-Ъүммәл», «Муснадүл-Имами Ахмад», «Субулүс-Саләм», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Мурақил-Фалләх» шарху «Нурил-Идах»,  және «Нәйлүл-Аутар».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға