Ең бақытсыз жандар

حَدَّثَنَا أبو بدر عباد بْن الوليد حَدَّثَنَا مُحَمَّد بْن بلال حَدَّثَنَا عمران القطان عَن قتادة عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ دَخَلَ رَمَضَانُ فَقَالَ رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِنَّ هَذَا الشَّهْرَ قَدْ حَضَرَكُمْ وَفِيهِ لَيْلَةٌ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ مَنْ حُرِمَهَا فَقَدْ حُرِمَ الْخَيْرَ كَلَّهُ وَلاَ يُحْرَمُ خَيْرَهَا إِلاَّ مَحْرُومٌ.

«Әнас (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Рамазан айы кіргенде Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Сендерге Рамазан айы келді. Онда мың айдан да артық бір түн бар. Сол түннен мақрұм болған, барлық игіліктен мақрұм болғаны. Ал оның игілігінен тек ең бақытсыз жандар ғана мақрұм қалады»,-деді».[1]

Хадисті Әнастан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ибн Мажәһ риуаят етті.[2]

 



[1] расында да Қадір түнінің жақсылықтан мақрұм болған жанның бақытсыздығында қандай күмән бар? Қаншама қызметкер тиін-тебен үшін түнімен көз ілмейді. Ал сексен жылдық сауап үшін бір айдың түнін құлшылықпен өткізудің не қиындығы бар?! Ақиқатында жүрегімізде ықылас болса оның бір емес, жүз түн ұйықтамаған болар едік. Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Хақ Тағаланың уәдесіне кәміл сену себебінен түнде аяқтары ісініп кететіндей деңгейде ұзақ намаз оқуының бір сыры осында! Біз Расулуллаһтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) есімін атап, өзімізді Оның (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) үмметіміз дейміз. Алайда Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) істеген амалдарының мәнісін ұғынған жандар, оларды орындап, бүкіл үммет үшін өнеге болып кетті. Бұл мәселені жүрекпен ұғынған жөн. Шын ықылас болған жағдайда таудан бал өзендерін қазу қиынға соқпайды. Мәселен, Омар (родиял-лаһу ъанһу) құбтан намазынан кейін үйіне келіп, таң атқанға дейін намаз оқуына және Осман (родиял-лаһу ъанһу) күні бойы ораза ұстап, түнімен намаз оқуына не себеп? Осман (родиял-лаһу ъанһу) түннің бастапқы бөлігінде біршама көз ілетін. Түннің қалған бөлігінде намаз тұрып, бір рәкәғатында Құранды хатым ететін. «Шархүл-Их`йада» Әбу Толиб Макки (рохматул-лаһи ъаләйһи) мен бір топ табиғиндерден (рохматул-лаһи ъаләйһим) Осман (родиял-лаһу ъанһу) құбтан намазында алған дәретпен таң намазын оқитыны расталған. Хазірет Шаддад (рохматул-лаһи ъаләйһи) түнімен көз іле алмай: «Я, Аллаһ Тағала! Тозақтан болған қорқыныш ұйқымды қашырып жіберді»,-деп шығатын. Асуад ибн Язид (рохматул-лаһи ъаләйһи) Рамазанда тек ақшам және құбтан намазының арасында аз ғана ұйықтап алатын. Саъид ибн Әл-Мусаййаб (рохматул-лаһи ъаләйһи) елу жыл бойы таң намазын құбтан намаздың дәретімен оқитыны жайында айтылған. Силәх ибн Аш`йам (рохматул-лаһи ъаләйһи) түнімен намаз оқып, таң атқанда: «Я, Аллаһ Тағала! Мен Сенен жәннатты тілегенге лайық емеспін. Менің бір ғана өтінішім бар. Мені тозақ отынан сақташы!»,-деп дұға ететін. Хазірет Қатада (рохматул-лаһи ъаләйһи) Рамазан бойы әр үш түнде Құранды хатым етсе, соңғы он күндігінде әр түні бір рет Құранды хатым ететін. Имам Әбу Ханифа (рохматул-лаһи ъаләйһи) қырық жыл бойы таң намазын құбтан намаздың дәретімен оқыған. Бұған сенбеу – тарихқа сенбеу болып табылады. Имам Әбу Ханифадан (рохматул-лаһи ъаләйһи) түс мезгілде сәл ғана көз іліп: «Хадисте түсте ұйықтап алсын деп айтылған»,-дейтін. Оның (рохматул-лаһи ъаләйһи) тіпті ұйқысының өзі сүннәтті орындағанға жататын. Ал Құран оқығанда көп жылау себебінен көршілері оны аяйтын. Ибраһим ибн Әдһам (рохматул-лаһи ъаләйһи) Рамазанның күндізінде де, түнінде де ұйықтамайтын. Имам Шафиғи (рохматул-лаһи ъаләйһи) Рамазан айында алпыс рет Құранды хатым ететін. Бұл айтылғаннан тыс Хақ Тағаланың: «Мен жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық етсін деп жараттым»,-деген аятқа сай («Әз-Зарият» сүресі, 56 аят) амал етудің жүздеген мысалы бар. Бұл дүниеден өтіп кеткен бабаларымыздың тіршілігінің көрінісі. Қазіргі күні олардың дәрежесіне жетпесе де, дегенмен өзінің шама-шарқына қарай солардың өнегесі болатын жандар баршылық. Бүгінгі күннің жан рахаты мен дүние тіршілігі олардың құлшылыққа деген ықыласына кедергі бола алмайды. Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Хақ Тағала айтады: «Ей, адам баласы! Өзіңді Мен үшін босат! Сонда Мен сенің көкірегіңді уайымнан босатып, кедейлігіңді жоямын. Болмаса көкірегіңді уайымға толтырып, кедейліктен айырылмайсың». Күнделікті тәжірибе осының айғағы емес пе?!

[2]«Әт-Тарғиб», «Зиядатүл-Жәмиъис-Сағир», «Сунәну Ибн Мажәһ» және «Канзүл-Ъүммәл».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға