Қадір түні – тақ түні

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَأَلَ رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ لَيْلَةِ الْقَدْرِ فَقَالَ فِي رَمَضَانَ فِي الْعَشْرَةِ الأَوَاخِرِ فَإِنَّهَا فِي لَيْلَةٍ وِتْرٍ فِي إِحْدَى وَعِشْرِينَ أَوْ ثَلاَثٍ وَعِشْرِينَ أَوْ خَمْسِ وَعِشْرِينَ أَوْ سَبْعٍ وَعِشْرِينَ أَوْ تِسْعٍ وَعِشْرِينَ أَوْ آخِرِ لَيْلَةٍ مِنْ رَمَضَانَ مَنْ قَامَهَا إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ وَمِنْ أَمَارَاتِهَا أَنَّهَا بَلْجَةُ صَافِيَةٌ سَاكِنَةٌ سَاجِيَةٌ لاَ حَارَّةٌ وَلاَ بَارِدَةٌ كَانَ فِيهَا قَمَرًا سَاطِعًا وَلاَ يَحِلُّ لِنَجْمٍ أَنْ يُرْمَى بِهِ تِلْكَ اللَّيْلَةَ حَتَّى الصَّبَاحِ وَمِنْ أَمَارَاتِهَا أَنَّ الشَّمْسَ تَطْلُعُ صَبِيحَتَهَا لاَ شُعَاعَ لَهَا مُسْتَوِيَةٌ كَأَنَّهَا الْقَمَرُ لَيْلَةِ الْبَدْرِ وَحَرَّمَ اللهُ عَلَى الشَّيْطَانِ أَنْ يَخْرُجَ مَعَهَا يَوْمَئِذٍ.

«Ъубада ибн Ас-Сомит (родиял-лаһу ъанһу) Расулуллаһтан (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Қадір түні жайында сұраған еді. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің тақ түндерінің жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма жетінші немесе жиырма тоғызыншы, болмаса ақырғы түніне сәйкес келеді. Қадір түнін шын иман келтірген және сауаптан үміттенген халде өткізген пенденің бұрын істелген күнәлары кешіріледі. Қадір түннің белгілері: ол түн нұрлы және тынық болады. Салқын, не болмаса жылы болмайды. Ай ашық болады. Ол түні таң атқанға дейін шайтандар жұлдыздармен атқыланбайды. Әрі оның белгілерінен: таңертең Күн сәулесі шағылыспаған халде шығып, Бәдр түніндегі толған Ай ұқсаған домалақ болады. Сонымен қатар Аллаһ Тағала сол күні шайтанға Күнмен жарысып шығуына тыйым салады»,-деді».[1]

Хадисті Ъубада ибн Әс-Сомиттен (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ахмад және Имам Әл-Байһақи риуаят етті.

 

 



[1] Күн сәулесі шағылыспаған халде шығуы. Бұл белгі жайында көптеген хадисте айтылған. Сонымен қатар, басқа хадистерде Қадыр түннің жоғарыда айтылған белгілерінен өзге нышандары баян етілген. Әрі Қадір түніне тән бір белгілері үнемі болмаса, бұл белгісі әрдайым болады. Мәселен Ъабда ибн Әби Лүбаба (родиял-лаһу ъанһу): «Мен Рамазанның жиырма жетінші түні теңіз суының дәмін көргенімде, ол тәтті болатын»,-десе, Әйюб ибн Халид (рохматул-лаһи ъаләйһи): «Мен теңізге барып шомылғанымда, оның суы өте тәтті еді. Бұл Рамазанның жиырма үшінші түні болатын»,-деген. Кейбір ғалымдар: «Қадір түні барлық нәрсе құлшылық етеді. Тіпті талдардың өзі сәждеге құлап, кейін орнына тұрады»,-деген. Алайда мұндай кереметті кез-келген адам көре алмайды. Бұл «кашф» (кашф – басқаларға көрінбеген нәрсені көру) иелерінің несібесі.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға