Қадір түні Жәбрәил ғ.с. жерге түсуі

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَانَ لَيْلَةُ الْقَدْرِ نُزِلَ جِبْرَئِيلُ فِي كَبْكَبَةٍ مِنَ الْمَلاَئِكَةِ يُصَلُّونَ عَلَى كُلِّ عَبْدٍ قَائِمٍ أَوْ قَاعِدٍ يَذْكُرُ اللهَ عَزَّ وَجَلَّ فَإِذَا كَانَ يَوْمُ عِيدِهِمْ يَعْنِي يَوْمُ فِطْرٍ بَاهَى بِهِمْ مَلاَئِكَتَهُ فَقَالَ يَامَلاَئِكَتِي مَا جَزَاءُ أَجِيرٍ وَفَّى عَمَلَهُ قَالُوا رّبَّنَا جَزَاؤُهُ أَنْ يُوَفَّى أَجْرَهُ قَالَ مَلاَئِكَتِي عَبِيدِي وَإِمَائِي قَضَوْا فَرِيضَتِي عَلَيْهِمْ ثُمَّ خَرَجُوا يَعُجُّونَ إِلَى الدُّعَاءِ وَعِزَّتِي وَجَلاَلِي وَكَرَمِي وَعُلُوِّي وَارْتِفَاعِ مَكَانِي لأَجِيبَنَّهُمْ فَيَقُولُ ارْجِعُوا فَقَدْ غَفَرْتُ لَكُمْ وَبَدَّلْتُ سَيِّئَاتِكُمْ حَسَنَاتٍ قَالَ فَيَرْجِعُونَ مَغْفُورًا لَهُمْ.

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Қадір түні Жәбрәил (ғ.с.) періштелердің бір тобымен түсіп Хақ Тағаланы тұрып немесе отырған халде зікір еткен пенде үшін дұға етеді.[1] Кейін Аллаһ Тағала айт күні періш-телерінің алдында пенделерін мақтаныш етіп: «Уа періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің өтеуі қандай?»,-деп сұрағанда, періштелер: «Уа Раббымыз! Оның өтеуі – ақысын толық төлеу»,-деп жауап береді. Сонда Хақ Тағала: «Уа періштелерім! Құлдарым оларға міндеттеген парызымды орындап, Маған дұға ету үшін айт намазына шықты. Құдіретілігім, ұлықтығым, жомарттығым, жоғары мәртебе және дәрежеммен ант етемін! Мен олардың дұғасын қабыл етемін!»,-деп, кейін пенделеріне: «Қайтаберіңдер! Күнәла-рыңды кешіріп, жамандықтарыңды жақсылықпен ауыстырдым»,-дейді. Осыдан соң адамдар күнәлары кешірілген халде қайтады».

Хадисті Әнастан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Әл-Байһақи риуаят етті.[2]

 



[1] Жәбрәилдің (ғ.с.) періштелермен түсуі жайында Құранда айтылған. Мұны растайтын хадистер де бар. «Ғалиятүл-Мауаъиз» кітабында Хазірет Абдул-Қадир Жиләнидің (рохматул-лаһи ъаләйһи) «Ғуния» кітабынан Ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) риуаят еткен хадис келтірілген. Онда: «Жәбрәилдің (ғ.с.) әмірі бойынша періштелер жан-жаққа тарап, онда әрбір мүминнің үйіне, орманға кіреді. Тіпті періштелер бармаған судағы қайық қалмайды. Сөйтіп ондағы мүминдермен қол алысады. Періштелер тек ит, доңыз, сурет немесе жүнуб болған (яғни жыныстық қатынастан кейін бастан-аяқ шомылмаған) халде зинақор бар үйге кірмейді»,-делінген. Сән үшін сурет іліп, өз-өзін Аллаһ Тағаланың рахметінен мақрұм етіп жатқан қаншама мұсылман бар. Суретті ілетін біреу. Алайда соның себебінен үйішінің барлығы үйге періште кіру нығметінен құр қалып жатады.

[2]«Әт-Мишкат» және .

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға