Бүгін тапқан қазынам!

Бірінші мәселеде әйелзатты «ана» деп білсек, барлығы өз жайында болады!

-

Жақсылықты білмейтінге жақсылық істе! Өйткені Қияметте амалдар таразысында осы жақсылығың жақсылықты білетін адамға істеген жақсылығыңнан ауыр келеді.

-

Басыңа бір бәле түссе: «Лә хаулә уа лә қууата иллә билләһил-ғалиил-ғазым (үстем, ұлық Алла Тағаладан өзге күш-құдірет жоқ)»,-деп Хақ Тағаладан жәрдем сұра. Бір кеселге ұшырасаң, оны садақамен дауала.

-

Сен – талсың. Тілің – талдың бұтағы. Сөзің – тал жемісі. Талдың жемісі өзгелерді қызықтырарлық болу керек!

-

Уа, Раббым! Өз-өзіме келе алмай, саған келдім!

-

Басты мәселеде киген киімің емес, бойыңдағы құлығың әдемі болсын!

-

Уа, Раббым! Маған берген нығметіңнің абзалы – отбасым!

-

Алла Тағаланың даналығында қателік болмайды.

-

Дос бар Отан тәрізді. Одан ажырасаң өзіңді жолаушы сезінесің.

Дос бар рухың тәрізді. Одан ажырасаң өлесің.

Дос бар кеселдей. Одан ажырасаң, өмір сүресің.

-

Мал-дүниесіне сеніп, дүниесінен айырылған, мансабына сеніп, мансапқорлығы себебінен қор болған, ақылына сеніп, адасқан, адамға сеніп, алданғандар баршылық. Сондықтан: «Құдай деген – қор болмас!»,-демекші, Алла Тағаладан өзге сенуге тұрарлық ешкім жоқ!

Толығырақ ...

Мауліт: Пайғамбарымызға с.ғ.с. ең жақын адам

Пенденің пәни тіршілігінің мәресі – Қияметте алар сауабы, не болмаса жазасы. Осы жағдайда пенде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шапағатына ерекше мұқтаж болады. Ал Ақыретте Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шапағатына лайық болудың бірден-бір жолы – көп салауат айту.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Қиямет күнi маған ең жақын адам – маған ең көп салауат айтқаны»,-деген. (Тирмизи)

Сондықтан Ақыретте Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шапағатына қол жеткіземін деген адам көп салауат айтсын!

Толығырақ ...

Бүгін тапқан қазынам!

Егер білсең, бір мүмин пенденің Құран оқумен өткізген бір түні, сен ойын-сауықпен өткізген мың түннен абзал!

-

Шариғатта дінге кіргізу мақсатында мұсылман болмаған біреудің көңілін сыйлық беріп аулау бар. Кезінде біреуді дінге кіргізу мақсатында дүниесін сарып еткендердің ұрпағы, бүгінгі күні сол дүние үшін қызын дінсіздерге беріп, өзін де, перзентін де тозақтың құрбаны етуде!

-

Бір жетім бала досының үйіне ойнау үшін барады. Досы: «Даусыңды қатты шығарма. Әкем оянып кетеді»,-деп ескерткенде жетім бала: «Онда әкемнің қабырының жанына барып ойнайық. Мүмкін әкем оянып кетер!»,-дейді.

-

Төрт нәрсе төрт нәрсемен жуып-шайылады:

- жүзің көз жасымен.

- тілің зікірмен.

- жүрегің тақуалықпен.

- күнәң тәубемен.

-

Бұл дүниеге келуді жоспарламаған екенсің, енді дүниеден кетуді жоспарлай алмассың. Өлім айтып келмейді.

-

«Балам! Тәубені кешіктірме! Себебі өлім айтып келмейді». Лұқман Хаким

-

Уәде берер екенсің, уәдеңді мойындамай қойма! Себебі, уәде – ар-ұят, ар-намысың!

-

Кешкі асты анаңмен бірге жеп, көңілін аулағаның, нәпіл қажылық орындағаныңнан абзал! Хасан Басри (рохматуллаһи ғаләйһи)

-

Көп истиғфар айту:

- жүрегіңді пәктейді.

- ісіңді оңдайды.

- несібеңді молайтады.

- жолыңды ашады.

- күнәңнің кешірілуіне септігін тигізеді.

-

Неге адамның барлығы Құран оқымайды? Себебі, Құран – пәкиза кітап. Ал пәкиза кітапты оқу сол пәкизалыққа лайық пенделерге ғана нәсіп!

-

Айтылған сөз – атылған оқ. Оқтың көздегені – нысана, сөздің нысаны – жүрек.

-

Таң намазын оқу – Алла Тағаланың таңдаулы пенделеріне нәсіп сый. Олай болса Хақ Тағала баршамызға таң намазын оқығандардың қатарында болуымызды жазсын! Әмин!

Толығырақ ...

Мауліт: Бәленің бетін қайтару жолы!

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Кiмде-кiм маған бiр рет салауат айтса, Алла Тағала оған он рет салауат айтады»,-деді. (Муслим)

Салауат – жақсылық тілеу.

Хақ Тағаланың он рет салауат айтқаны – бір рет салауат айтқан пендесіне он жақсылықты нәсіп етуі.

Сондықтан бір қиыншылыққа тап болсаң, оның бетін салауат айту арқылы қайтарсаң болады!

Толығырақ ...

Бүгін тапқан қазынам!

Күпірлік билеген қоғамда Раббысына бойсұнғандар айыпкер саналады!

-

Кейде адам оны тыңдайтын емес, сөзін ұғынатын біреу болмауы себепті үндемейді.

-

Құдайшыл пенделердің насихаты:

- пенде Алла Тағаламен болған қатынасын түзесе, Алла Тағала оның өзгелермен болған қатынасын түзейді.

- пенде ішкі дүниесін түзесе, Хақ Тағала оның сыртқы дүниесін түзейді.

- пенде Ақыреттің қамында болса, Алла Тағала оның пәнилігі мен Ақыретін өз кепілдігіне алады.

-

Пенде бір рет тасбих айтса, жәннатта жемісі мен көлеңкесі мәңгі болған бір құрма талы отырғызылады. Сондықтан өмірінің бір сәтін болсада тасбих айтпастан бекер өткізген пенденің ісі ғажап! Имам Ибн Жәузи (рохматуллаһи ғаләйһи)

Толығырақ ...

Мұсылман кәлиманы білуі тиіс!

Күнделікті болып жатқан жағдай!

Бізде әдетте мешіт имамы мешітке неке қию үшін жастарға некенің талап-шарттарын, отбасы құрудың мәнісін түсіндіреді. Сол шарттың бірі – неке қиятын ер мен әйел мұсылман болуы тиіс.

Әдетте, имам жастарға кәлиманы айтқызады. Бұл – заман талабы! Себебі, неке қиятындардың ішінде намаз оқып, ораза ұстағаны былай тұрсын, кәлиманы айта алмайтындар баршылық. «Қазақ болсаң болды, сен мұсылмансың»,-деген сенімде жүрген адам мұсылмандықтың құжаты, жәннаттың кілті болған кәлиманы білсің бе?! Осы себептен жастардың ішінде кәлиманы өмірінде неке қиятын сәтте ғана, тілі күрмеліп айтатындары тым көп. Неткен масқара десеңші!

Бір күні мешітке жастардың некесін қидіру үшін бір топ адам келеді. Имам жастарға некенің шарттарын түсіндіреді. Некелесетін екі жас кәлиманы айтатын кезде жігіт кәлиманы айта алмай мүдіріп қалады. Сол сәтте арадан біреу жігіт үшін намыстанып: «Молдеке, жастарды сонша қинамасаңыз еді»,-деп наразылығын білдіреді. Бірақ кәлиманың маңыздылығын түсінген имам, сабырлық етіп, жігітке кәлиманы буындап болсада айтқызады.

Негізінде имам біреудің перзентіне кәлиманы айтқызумен машақаттанбастан, екі жастың некесін қиіп қоя салу керек еді. Алайда...

Өзін мұсылман есептеген, бірақ бір сөйлемнен тұратын кәлиманы білмеген адам жайында не десе болады?! Біз сол кәлиманың себебінен мұсылман емеспіз бе?!

Толығырақ ...