Дос таңдай біл!

Суфйан Сауридің (родиял-лаһу ғанһу) Әли ибн Хасан Сәлмиге (родиял-лаһу ғанһу) былай деген екен: «Дүниеден алыстатып, Ақыретке жақындататын пендемен отыр әрі дүние әңгімесінен өзгені айтпайтындардан аулақ бол. Себебі олар сенің дінің мен жүрегіңді бұзады».

Неткен көрегендік!

Айналамызда қанша ма адам бар, достығы бар болғаны «сен –маған, мен –сағанмен» шектелетін. Басыңа күн туғанда соның бірін де жаныңнан табылмайды. Дәл осындай «достарға» қатысты «Фурқан» сүресінің 28-ші аятында:

يَا وَيْلَتَى لَيْتَنِي لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلًا 

«Әттеген-ай! Мен пәленшені дос тұтпасам еді-ау!»,-делінген.

Толығырақ ...

Мұсылман бойжеткен, қамықпа!

Өзін мұсылмандар қатарына жатқызған, солай бола тұрып басында орамалы бар, ұзын етекті көйлек киген бойжеткенді көргенде «давлениесі» көтерілетін, өзі жартылай жалаңаш болғанынан қарамастан әуретін жапқан бойжеткендерге мүсіркеп қараған,  Құран оқытып, кейін қажетін Алла Тағаладан тілей отырып мұсылмандық шариғат талабына қарсы болған қоғамда шариғат талабына сай әуретін жапқан бойжеткендерге өмір сүру оңай шаруа емес. 

Осындай кезде есіме Перғауынның әйелі Асия түседі. Қазіргі таңда елімізде орамал жамылған бір емес, көптеген бойжеткен бар. Ал Асия кәпірлер қуымында жалғыз мұсылман әйел болды. Оның діннен бас тартуына жендет күйеуінің және айналадағы адамдардың кәпірлігі себеп болмады. Неге? Себебі, оның жүрегі иман нұрымен нұрланған еді. Осы жағдай Асияның дүниеде дінде табанды болуына, ал Қияметте жәннаты болуына себеп болды. Тіпті Хақ Тағала Асияны барша әйелзатқа өнеге етті. Осыдан артық мәртебе бар ма?

Толығырақ ...

Ең ғажап жаратылыс!

Бірде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сахабаларынан: «Иманы ең ғажап болған қандай жаратылыс?»,-деп сұрайды. Сахабалар (родиял-лаһу ғанһум): «Періштелер»,-деп жауап береді.

- Періште бола тұрып, олар қалайша имансыз болсыз?!

- Онда пайғамбарлар.

- Пайғамбарларға уахи түседі. Осыдан олар қалайша иман келтірмесін?!

- Онда сахабалар.

- Сахабалар пайғамбарлармен бірге болса қалайша иман келтірмесін? Негізі адамдардың ішінде иманы ең ғажайыбы – сендерден кейінгілер. Олар уахи етілген Кітапты көріп оған иман келтіреді әрі оған ереді. Иманы ең ғажап болған қандай жаратылыс міне солар. (Баззар) 

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) кім жайында айтты? Қалай ойлайсыз?

Толығырақ ...

Үмметтің бірте-бірте бұзылуы

Имам Бухари (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу ағид Худриден (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

لَتَتْبَعُنَّ سَنَنَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ شِبْرًا شِبْرًا وَذِرَاعًا بِذِرَاعٍ حَتَّى لَوْ دَخَلُوا جُحْرَ ضَبٍّ تَبِعْتُمُوهُمْ

«Сендер бірте-бірте өздеріңнен ілгері болғандарға еріп, тіпті олар кесірткенің ініне кірген жағдайда оларға ересіңдер».

Бүгінгі күні осының көрінісі қандай?

Қабір басына барып өлгендерден қажетін тілеу. Өзі мұсылман бола тұрып дініне мін тағу. Алла Тағала шариғатын келеке ету. Басында орамал, үстінде етегі ұзын көйлек киген бойжеткенді көрсе Дажжәлді көргендей болу. Намаз оқымау, ораза ұстамау т.с.с. 

Осының бәрі мұсылмандыққа жат, имансыздардың жолы. Бүгінгі күні өзін мұсылман есептеп, бірақ осы жолда болғандардың саны қанша, кім біліпті? «Тым көп» дегеннен өзге сөз жоқ!

Толығырақ ...

Қыздарымыздың қылықтары дым болмай қалды!

«Қазақ қыздары андай, қазақ қыздары мындай»,-деп сын тағып жатамыз. Алайда... Алайда, қыздарымыздың андай-мындай болатындай жайы бар! Неге дейсіздер ме?! Еркектерімізге бір назар салсаңызшы! Кигендері бүкіл мүшесін көрсетіп тұратын тар киім. Еңкейіп қалса – бөксесі жарқ етеді. Шалбарының сан жері жыртық шалбар – бұл бір мәселе! Ал аузы-басын бояп, қатын киімін кигендер жайында не десе болады? 

Осыдан соң қыздарымызға сын тағу қаншалықты орынды?!

Толығырақ ...

Кәлиманың құндылығы

«Лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасы – имандылық әрі ықылас сөзі, құлшылықтың шыңы, ақиқт куәлігі, Алла Тағалаға серік қосудан болатын қорған, екі дүниедің бағы, қабір және Ақырет азабынан пана. Осы себептен барша пайғамбар бірінші мәселеде өз үмметін Алла Тағаланың жалғыздығын мойындауға үндеген.

«Лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасы – құлшылықтың бастамасы мен шыңы. Осы себептен Хақ Тағала Құранда:

وما خلقت الجن والإنس إلا ليعبدون

«Мен жындар мен адамзатты Өзімен құлшылық етсін деп жаратқам»,-деген.

Осыыы мақсатта Жаратушы Ие Кітаптарын түсіріп, пайғамбарларын жіберген.

«Лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасы адамзатты екі топқа бөледі. Оның бірі – жәннаты болса, екінші тобы – тозақы. Яғни, тіршілігі «Лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасына сай болғандар Ақыретте жәннатқа қол жеткізіп, ал амалы «Лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасына қайшы болғандар... 

Алла Тағала баршамыздың тіршілігіміз «Лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасына сай болуын нәсіп етсін! Әмин!

Толығырақ ...