Исламдағы әйелзаттың мәртебесі

Ислам әйелзатты зат, аспап, ойыншық ретінде көрмейді. Еркектер бақилық болғаннан соң жәннатты болса, Ислам сол жәннатты әйелзат табанының астына салып қойды. Құран әйелзатты өмірлік серік, ана, сүйеніш, мейірім мен сүйіспеншілік көзі етті. Алла Тағала әйелзатты: адал ерге – өмірлік серік, перзентке – ана, ақыл сұрағанға – адал насихатшы етті. Сонымен қатар, Ислам, әйелзаттың арын қорғау мақсатында үйде бала-шағаға баскөз болуды, орамал және етегі ұзын көйлекпен денесін тыс көзден жасыруды, бөгде еркектермен араласпауды және бір еркекпен некелесуді әйелдің несібесі етті.

Толығырақ ...

Білген артық болмас!

Бүгінгі күні мұсылман елдері һижри күнтізбесін қолданады.

Һижри күнтізбесі Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мухаррам айында Меккеден Мәдинаға қоныс аударуды ниет теуімен байланысты. Яғни, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәл осы мухаррам айында Меккеден Мәдинаға қоныс аударуды ниеттенген болатын. Кейін, екінші әділ халифа Омар ибн Хаттабтың (родиял-лаһу ғанһу) халифалық әдуірінде осы жағдай һижри күнтізбесі пайда болуына негіз болды. Сондықтан һижри күнтізбесін мұсылмандық күнтізбе деп нық айтса болады!

Һижри күнтізбесінің ай атаулары:

1. Мухаррам.

2. Сафар.

3. Рабиғ әл-ууәл.

4. Рабиғ әс-сани.

5. Жүмаду әл-улә.

6. Жүмалу әл-ахира.

7. Ражәб.

8. Шағбан.

9. Рамазан.

10. Шаууәл.

11. Зүл-Қағда.

12. Зүл-Хижжә.

Толығырақ ...

Дүниедегі ең мақтаулы адам!

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеге келіп, «Мұхаммед» (мақтаулы) есімімен танымал болудан бұрын, Құраннан ілгері түсірілген иләһи кітаптарда «Ахмад» (ең мақтаулы) деп аталған болатын. («Соф», 6 аят) Ал Құранда Алла Тағала Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) «Мұхаммед» деп атады. («Әли Имран», 144 аят)

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) осы есіміне сай:

- Алла Тағала Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм), ол дүниеге келместен бұрын мақтады.

- Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеге келгеннен, оны адамдар мақтады.

- пәниде мұсылмандар Алла Тағаладан Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мақтаулы орынды нәсіп етуін тілесе, Қияметте Алла Тағала Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сол мақтаулы орынды нәсіп етеді.

- Алла Тағаланың әміріне сай Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көп мақтау айтқан мұсылман үмметі Құранда «хамидун» (мақтау айтушы) деп аталған.

Дүниедегі барша мақтауға лайық – жалғыз Алла Тағала! Бірақ бір пендесін өзінің мақтауына лайық етуі – Хақ Тағаланың жомарттығын белгісі. Пенде үшін осыдан артық мәртебе жоқ, әрі бұл мәртебе жетудің бірден-бір жолы – Құранда айтылған «мақтау айтушылардың» қатарында болу!

Алла Тағала баршамызға осылардың қатарында болуды жазсын! Әмин!

Толығырақ ...

Ғайбаттың қасіреті!

Жәбир ибн Абдулла (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Біз Нәбимен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) болғанымызда, бір жаман сасық иіс келді. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Бұл ненің иісі екенін білесіңдер ме? Бұл – мұсылмандарды өсектегендердің иісі»,-деді».

Имам Әбу Дауд (рохматуллаһи ғаләйһи) Әнас ибн Маликтен (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деді: «Исра (көккке көтерілген) түні мен тырнақтарымен беттеріп тырнап жатқан адамдарды көрдім. Мен: «Уа, Жәбрәил! Бұлар кім?»,-деп сұрағанымда, ол: «Бұл – адамдарды өсектеп, олардың ақысын жегендер»,-деп жауап берді».

Адамдар екі түрлі болады. Біреу – өзгелер істеген күнәнің жазасын өтеуші, екіншісі – жақсылыққа себепкер болушы. Ғайбатшы біреу істеген күнәнің жазасын өтеушіге жатады. Себебі өсек айту біреудің ақысына қол сұққанға жатады. Ал бұл, өз кезегінде, аманатқа қиянат жасаған болып есептеледі. Ақыретте есеп-қисап сауаппен жасалады. Сондықтан Қияметте ғайбатшы тілі тиген пендеге, оны өсектегеннің өтемі ретінде, сауабын береді, сауабы болмаса, сол өзі өсектеген пенденің күнәсін алады. Сонда, пәниде – сасық иіс, Ақыретте – тозақ азабы! Ей, ғайбатшы! Осы ма бар тапқаның?!

Толығырақ ...

Таһәжжүд намадың артықшылығы!

Таһәжжүд намазын оқу Хақ Тағаланың тек таңдаулы пенделеріне нәсіп! Сондықтан таһәжжүд намазын оқығаның:

- Алла Тағала сені өз рахметіне лайық көргені!

- түннің соңғы бөлігінде сенің мұң, қажетіңді тыңдауын қалағаны.

- дұға-тілегіңді қабыл еткені.

- бүкіл ағзаларың зікірде болуын қалағаны.

- періштелер тілегіңе: «Әмин!»,-деп тұрғаны.

- жүзің нұрланғаны.

- үйіңе Алла Тағаланың берекесі нәсіп болғаны.

- бала-шаған жамандықтан аман болғаны.

- жолың ашылып, ризық-несібең мол болғаны.

Алла Тағала баршамызға таһәжжүд намазын оқуды нәсіп еткей! Әмин!

Толығырақ ...

Құран әшекей емес!

Бір елдімекенге дін мәселесін жетік меңгерген имам тағайындалады.

Оразаның кезінде имамды бір отбасы ауызашарға шақырады. Ауызашарда үй иесі, оның әйелі және имам ғана болады. Имам кеткеннен соң, үй иесі ақшасы жоғалғанын байқайды. Бірақ бұл жайында имамға айтуға ұялады.

Бір жыл өткеннен соң, оразада үй иесі әлгі имамды қайта ауызашарға шақырады. Дастархан басындағы әңгіме барысында үй иесі: «Тақсыр! Өткен жылмен салыстырғанда, менің сізге деген көзқарасым өзгерді»,-дегенде, имам: «Не себепті?»,-деп сұрады. Үй иесі: «Былтыр келгеніңізде, үйден ақша жоғалған еді»,-деп жауап берді. Бұны естіген имам күйініп жыла жібереді.

- Неге жылайсыз? Сізден күмәнданғаныма ма?

Сол кезде көз жасын тоқтата алмаған имам орнынан тұрып, сөреден тұрған Құранның астынан ақшаны алып былай дейді: «Былтыр келгенімде жел тұрып, ақшаны ұшырып жерге түсірген еді. Сол кезде мен ақшаны алып, Құранның астына бастырып қойған болатынмын. Ал қазір сіз менен күмәнданғаныңызға емес, былтырдан бері Құранды қолыңызға алмағаныңызға күйініп тұрмын».

Ғасырлар бойы дінді ұстанған ата-бабаларымыз ұрпағының бойына Құранды құрметтеу сезімін дарыта білген. Қазақ Құранды төріне, жоғары орынға қоюі – осының белгісі! Ал бүгінгі күні Құранды кітап, ыдыс-аяқ тұратын шкафқа қою үрдісі пайда болған. Әрине, бұл да болса Құранға деген құрметтің белгісі! Дегенмен, кітап, ыдыс-аяқ тұратын шкаф Құран жыл бойы тұратын орны емес. Құран шкафта емес, мұсылманның қолда болуы тиіс!

Құран – Алла Тағаланың сөзі, мұсылмандық тіршілік заңнамасы! Сондықтан Құранды, құрметтеп болсада, әшекей затына айналдырмайық, құрметті мұсылман қауым!

Әр нәрсені ақысы бар! Ал Құранның ақысы – оны оқу, әрі ондағы айтқанмен жүру!

Алла Тағала Құранға қатысты міндетіміз орындалуын жазсын! Әмин!

Толығырақ ...