Ата-ананың қадір-қасиеті

Ана перзентті дүниеге алып келсе, әке тіршілік табалдырығын бастырады.

Ана жүруді үйретсе, әке қадамыңды нық басуды үйретеді.

Ана аш болмауыңды қадағаласа, әке аштықтың қадірін түсіндіреді.

Ана пікірлеуді үйретсе, әке жауапкершілікті үйретеді.

Ана құлап қалмауыңды қадағаласа, әке құлағанна соң қайта тұруды үйретеді.

Ана сабырлықты үйретсе, әке төзімді болуды үйретеді.

Ана шыншылдыққа бауласа, әке намысқойлыққа үйретеді.

Адам ананың сүйіспеншілігін туылған сезінсе, әке болудың қадірін өскенде біледі.

Сондықтан өмір тірегі – аналарымыз, асқар тау – әкелеріміз аман болсын! Әмин!

Толығырақ ...

Бүгін тапқан қазынам!

Ешкімнің көңілік ауыртпа! Сөзден ауыр нәрсе жоқ! Ауырлықты дене көтере алады, көңіл емес!

-

Сенің ең жақын досың – есіңе үнемі Ақыретті салған адам!

-

Өлім сен тура жолға түссін деп күтіп тұрмайды. Сол себепті тура жолға түсіп, өлімге әзірлік ет!

-

Мүмин мүминнің жүрегінде, ойында, дұғасында!

-

Нық иман, игі ниет, қайырлы амал, жақсы сөз, жігерлі әрекет, берекелі несібең үшін өзіңе шүкір, Раббым!

-

Кешірімді адамдар әлсіз емес, жүректері ең пәк адамдар! Олар пәниліктің арзымас дүние екенін білгені себепті өзгелердің қателіктеріне кеңшілікпен қарайды!

-

Біздің ең жаман тұсымыз: біреудің басына бір сынақ түссе, одан сол сәтте-ақ алшақтаймыз. Ол аз болғандай, ол жайында жаман ойға барып, артыннан өсек таратамыз. Осылай бола тұра, Алла Тағаланың жәннатынан үміттенеміз?!

-

Аллаһу әкбар! Алла Тағала – ұлық!

Кезінде бұл сөзден өзге дін өкілдері қорқатын, ал бүгін бұл сөзден мұсылмандардың өздері қорқып қалған.

-

Алла Тағала өз кепілдігіңе сен иманды болуды емес, саған ризық-несібеңді беруді алған. Содықтан жеп-ішуді емес, иманыңды болуыңды ойла!

-

Алла Тағала: «Сендерге Алланың елшісі нені берсе, соны алыңдар, неден тыйған болса, содан тыйылыңдар»,-деп бұйырған.

-

Ковид пайда болғанына алты ай болыпты. Осы арада дертке ұшырап, емделіп кетсең, Аллаға шүкіршілік ет! Дерттен аман болсаң, Аллаға шүкіршілік ет!

-

Дүниеге құл болғанға пәни қабырдан өзге берері жоқ. Жаратушысына құл болғанға Жаратушысы кеңдігі жер мен көктей жәннатын нәсіп етеді!

-

Алла Тағала Құранда дүниені суға ұқсатқан. Осыған сай дүние де су сияқты бір қалыпта тұрмайды.

-

Ей, нәпсім! Заман өзгерді деме! Себебі өлім өзгермеді!

-

Қазіргі заманда адамдардың достығы жаман аспаздың сорпасына ұқсайды. Иеісі барда, дәмі жоқ! Малик ибн Динар

-

Күнәһардың тәубесіне келіп, Жаратушысынан кешірім тілегені, біреудің құлшылық етіп, керілгенінен артық! Имам Раббани (рохматуллаһи ғаләйһи)

-

Дәуріміздің ең қылығы! Біреудің айыбын көрсек, ол жайында өзгенің барлығына айтып, тек өзіне айтпаймыз!

Ешкімнің көңілік ауыртпа! Сөзден ауыр нәрсе жоқ! Ауырлықты дене көтере алады, көңіл емес!

-

Сенің ең жақын досың – есіңе үнемі Ақыретті салған адам!

-

Өлім сен тура жолға түссін деп күтіп тұрмайды. Сол себепті тура жолға түсіп, өлімге әзірлік ет!

-

Мүмин мүминнің жүрегінде, ойында, дұғасында!

-

Нық иман, игі ниет, қайырлы амал, жақсы сөз, жігерлі әрекет, берекелі несібең үшін өзіңе шүкір, Раббым!

-

Кешірімді адамдар әлсіз емес, жүректері ең пәк адамдар! Олар пәниліктің арзымас дүние екенін білгені себепті өзгелердің қателіктеріне кеңшілікпен қарайды!

-

Біздің ең жаман тұсымыз: біреудің басына бір сынақ түссе, одан сол сәтте-ақ алшақтаймыз. Ол аз болғандай, ол жайында жаман ойға барып, артыннан өсек таратамыз. Осылай бола тұра, Алла Тағаланың жәннатынан үміттенеміз?!

-

Аллаһу әкбар! Алла Тағала – ұлық!

Кезінде бұл сөзден өзге дін өкілдері қорқатын, ал бүгін бұл сөзден мұсылмандардың өздері қорқып қалған.

-

Алла Тағала өз кепілдігіңе сен иманды болуды емес, саған ризық-несібеңді беруді алған. Содықтан жеп-ішуді емес, иманыңды болуыңды ойла!

-

Алла Тағала: «Сендерге Алланың елшісі нені берсе, соны алыңдар, неден тыйған болса, содан тыйылыңдар»,-деп бұйырған.

-

Ковид пайда болғанына алты ай болыпты. Осы арада дертке ұшырап, емделіп кетсең, Аллаға шүкіршілік ет! Дерттен аман болсаң, Аллаға шүкіршілік ет!

-

Дүниеге құл болғанға пәни қабырдан өзге берері жоқ. Жаратушысына құл болғанға Жаратушысы кеңдігі жер мен көктей жәннатын нәсіп етеді!

-

Алла Тағала Құранда дүниені суға ұқсатқан. Осыған сай дүние де су сияқты бір қалыпта тұрмайды.

-

Ей, нәпсім! Заман өзгерді деме! Себебі өлім өзгермеді!

-

Қазіргі заманда адамдардың достығы жаман аспаздың сорпасына ұқсайды. Иеісі барда, дәмі жоқ! Малик ибн Динар

-

Күнәһардың тәубесіне келіп, Жаратушысынан кешірім тілегені, біреудің құлшылық етіп, керілгенінен артық! Имам Раббани (рохматуллаһи ғаләйһи)

-

Дәуріміздің ең қылығы! Біреудің айыбын көрсек, ол жайында өзгенің барлығына айтып, тек өзіне айтпаймыз!

Толығырақ ...

Ашура оразасы

Құдай қаласа, биыл, яғни 2020 жылдың 29-шы тамызы Ашура күніне келіп тұр. 29-шы тамыз – сенбі.

Ашура күні Ашура оразасы ұсталады. Құдай қаласа, Ашура оразасы жайында төменде кеңірек баян етеміз.

Дәл қазір һижри күнтізбесі бойынша мухаррам айы.

Мухаррам айы – һижри күнтізбесінің бастапқы айы. Төрт қасиетті айдың бірі.

Төрт қасиетті ай: зүл-қағда, зүл-хижжә, мухаррам және ражәб.

Алла Тағала «Тәуба» сүресінің 36-шы аятында ай саны он екі, соның төртеуі қасиетті айға жататыны жайында айтса, Имам Бухари және имам Муслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сол төрт айды нақты атап көрсеткен. Ол, жоғарыда айтылғандай, зүл-қағда, зүл-хижжә, мухаррам және ражәб айлары. Бұл төрт айдың қасиетті болудың мәнісі: бұл айларда қан төгіске қатаң түрде тыйым салынған, әрі бұл тыйым Исламнан бұрынғы дәуірлерде қалыптасқан үрдіс.

Қасиетті төрт айда қан төгіске тыйым салып, Алла Тағала:

فَلَا تَظْلِمُوا فِيهِنَّ أَنفُسَكُمْ

«Ол айларда, Алла Тағаланың әміріне қарсы келіп, өздеріңе зұлымдық етпеңдер»,-деген.

Ғалымдар Алла Тағаланың осы тыйымына нұсқап, қасиетті айларда істелген күнә өзге айда істелген күнәдан едуір ауыр болатыны жайында айтқан.

 

Мухаррамның артықшылығы

Мухаррам айы қасиетті болудың мәнісі, имам Муслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мухаррамды «شهر الله», яғни «Алланың айы» деген.

Ғалымдар: «Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мухаррамды «Алланың айы» деп айтуы, бұл айдың ерекше дәрежесіне нұсқайды»,-деген.

Сонымен қатар, кейбір ғалымдар, мәселен Хасан Басри (рохматуллаһи ғаләйһи) мухаррамды қасиетті айлардың ең абзалына жатқызып, былай деген: «Алла Тағала жылды мухарраммен бастап, мухарраммен тәмамдады. Жыл бойында Рамазаннан соң мухаррам айынан артық ай жоқ».

 

Мухаррамның бастапқы он күндігі

Тұтасымен қасиетті болған мухаррамның бастапқы он күні ерекше қастерлі болып есептеледі. Бұл мәселеге қатысты Әбу Осман Ән-Наһди (рохматуллаһи ғаләйһи) былай деген: «Ілгеріде, яғни сахабалар мен табиғиндер, үш он күндікті ерекше қастерлейтін: Рамазан айының соңғы он күндігін, зүл-хижжә және мухаррам айларының бастапқы он күнін».

 

Ашура оразасының тарихы

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мәдинаға һижрат еткенде, яғни қоныс аударғаннан соң Ашура оразасын өзі ұстап, әрі мұсылмандарға Ашура күні ауыз бекітуді бұйырған болатын. Кейін Рамазан айының оразасы парыз болғаннан соң, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Ашура оразасын ұстауды ерікті етті. Яғни, қалаған адам сол күні ораза ұстайтын, қаламаған ұстамайтын. Бұл жайында Имам Бухари (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа) айтқан.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Ашура оразасын ұстауына не себеп болды?

Имам Бухари және имам Муслим Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мәдинаға һижрат еткеннен кейін, мадиналық яһудилер Мухаррам айының оныншы күнi ораза ұстайтынын байқағаны жайында айтылған. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оның себебі жайында сұрағанда, яһудилер былай деп жауап береді: «Мухаррамның оныншы жұлдызы – Алла Тағала Мұса пайғамбар мен Бәни Исраилді Перғауынның зорлық-зомбылығынан құтқарған күн. Бiз осының құрметiне ораза ұстаймыз».

Сонда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Мұса пайғамбарға сендерге қарағанда бiз жақынбыз»,-деп, мухаррам айының оныншы күнi ораза ұстауды бұйырған болатын.

Айта кету керек, Исламнан ілгері дәуірде де арабтар Ашура күнін қастерлеп, соның құрметіне Қағбаның сыртын матамен әшекейлеп қоятын. Бұл жайында Имам Бухари және имам Муслим Айша анамыздан (родиял-лаһу ғанһа) риуаят еткен хадисте айтылған.

 

Мухаррам оразасы

Қасиетті айда орындалған амалдың сауабы, айдың қасиеттілігіне тән. Яғни, өзге айға қарағанда, қасиетті айда орындалған құлшылықтың сауабы мол. Ораза да осыдан тыс емес! Осыған нұсқап Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) быдай деген:

أَفْضَلُ الصِّيَامِ بَعْدَ شَهْرِ رَمَضَانَ: شَهْرُ اللهِ الْمُحَرَّمُ، وَأَفْضَلُ الصَّلاَةِ بَعْدَ الْفَرِيضَةِ صَلاةُ اللَّيْلِ

«Рамазан оразасынан кейiн оразаның абзалы – Алла Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейiн ең абзал намаз – түнгi (тәһәжжүд) намаз».

Имам Ибн Ражәб (рохматуллаһи ғаләйһи): «Бұл хадис Рамазан оразасынан кейін ең абзал ораза – мухаррам айының оразасы екеніне анық дәлел»,-деген.

 

Ашура оразасы

Ашура – мухаррам айының оныншы күні. Осы күні ауыз бекіту өте сауапты іс. Себебі, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бұл күннің оразасына қатысты:

يُكَفِّرُ السَّنَةَ الْمَاضِيَةَ

«Өткен жылдың күнәсін жуып шаяды»,-деген.

Биыл Ашура оразасы тамыздың 29-на, яғни сенбіге келіп тұр.

Ашура оразасын ұстау сүннет амалына жатады.

Имам Бухари (рохматуллаһи ғаләйһи) Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Ашура оразасын ерекше күткені жайында айтылған.

 

Ашура оразасын ұстау тәртібі

Ашура оразасын ілгері, не болмаса кейінгі күнмен қосып ұстаған дұрыс. Себебі, ханафи мазһабы бойынша тек Ашура күні ораза ұстау – мәкрүһ.

Мәкрүһ – шариғат оң көрмеген, сауапты азайтын амал.

Бұның мәнісі: яһудилер тек Ашура күні ораза ұстайды. Ал Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзге дін өкілдеріне ұсқауға тыйым салған. Оған қоса имам Ахмад (рохматуллаһи ғаләйһи) Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Ашура оразасын ілгері, немесе кейінгі күнмен қосып ұстауды бұйырған. Сондықтан яһудилерге ұқсап қалмау үшін, Ашура оразасын ілгері, немесе кейінгі күнмен қосып ұстаған дұрыс.

Тарихтан мұсылмандардың ілгері буыны, ықтияттылық мақсатында, Ашура оразасын үш күн ұстағаны белгілі. Ол: Ашура күнінен ілгері күні, Ашура күні және Ашуардан кейінгі күні. Бұл жайында, мәселен, «Ләтаифул-мағариф» кітабында жазылған.

Ашура оразасын ұстаудың екінші жолы: Ашура оразасын ілгері күнмен қосып ұстау. Атақты «Әл-Фатауәл-һиндия» пәтуалар жинағында осылай ауыз бекіту сүннет деп айтылған, әрі бұл пәтуа көптеген хадиске негізделген.

Егер бір себеппен Ашура күнінен ілгері күні ауыз бекітілмесе, мысалы ұмытып, онда Ашура күнінен кейінгі күнін қосып ораза ұстаса болады.

Ашура оразасын ұстаудың үшінші жолы: Ашура оразасын тек мухаррамның оны күні ұстау. Оразаның бұл тәртібі ханафи мазһабынан өзге үш мазһабта мәкрүһ болып есептелмейді.

 

Ашура оразасының пайдасы

Ашура оразасы – мұсылман үмметінің ауызбірлік, тұтастығынң белгісі. Өйткені мұсылмандар Ашура оразасын сонау Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінен бастап ұстап келеді, әрі бүгінгі күні Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) осы сүннетін барша мұсылман қауымы ұстанады. Заман, дәуір, өмір сүру аймағы түрлі боғанына қарамастан, мұсылмандар бір мезгілде құлшылықтың бір түрін орындауы бірліктің нышаны.

Келесі мәселе! Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбардың барлығы өзара бауыр екені жайында айтқан. Қай дәуірде болмасын, мұсылмандар жалғыз Алла Тағалаға құлшылық етіп келеді. Демек, түрлі дәуір, заманда өмір сүрген мұсылмандарды біріктіріп тұрған нәрсе – олардың Хақ Тағалаға деген иманы. Сондықтан біз ғасырлар бойы тарих сахынасында орын алған оқиғаларды мұсылмандардың, яғни өзіміздің тарихымыз ретінде қабылдаймыз. Мәселен, Ибраһим, Дәуіт, Сулеймен т.б. пайғамбарлардың заманындағы мұсылмандардың жетістігін өз жетістігіміз ретінде, мұсылмандарға көрсетілген зорлық-зомбылықты бізге көрсетілген басынушылық ретінде қабылдаймыз. Осыған мысал ретінде Мұса пайғамбардың Перғауынның зомбылығынан құтылуын айтса болады. Соның шүкіршілігі ретінде Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Ашура күні ораза ұстап, біз де Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) еріп Ашура күні ауыз бекітеміз.

 

Ашура оразасына қатысты сұрақтар

Бірінші сұрақ: жолаушы Ашура оразасын ұстаса бола ма?

Жолаушыға нәпіл ораза былай тұрсын, парыз, яғни Рамазан оразасын ұстау міндетті емес. Бірақ жолаушы жол жүру себебінен ұстамаған Рамазан оразасының қазасын, келесі Рамазанға дейін өтеуі шарт. Сонымен қатар, жолаушы қаласа Рамазан оразасын ұстаса болады. яғни, бұл мәселе жолаушының еркіндегі іс! Ашура оразасы жайындада солай десе болады. Яғни, жолда жүрген адам Ашура оразасын ұстаса болады. Ұстмаса, айыпты емес.

Екінші сұрақ: «Ашура оразасы өткен жылдың күнәсі кешірілуіне себеп» дегенді қалай түсінеміз?

Ашура оразасы өткен жылы істелеген күнәнің өтемі болуы – Ашура оразасын ұстағанның сауабы. Яғни, сыйы.

Байқағанымыз, біреулер Ашура оразасын ұстағанның себебінен бір жылдық күнә кешіріледі дегенді естіп, осы кешірімнің ішіне бес уақыт намазды оқымағанын, Рамазан оразасын ұстамағанын кіргізіп жібереді. Негізі, бұл қате ұғым! Өйткені Ашура оразасы себебінен, Құдай қаласа, кіші күнәлар кешіріледі. Кіші күнәға, мәселен, жаман ойлап қою, көреалмаушылық, қызғаныш т.с.с. жағымсыз амалдар жатады. Ал парызды орындау – міндетті іс. Мәселен, бес уақыт намаз оқу, Рамазан оразасын ұстау – парыз. Ал парызды орындамаған адам ауыр күнә істеген болады, әрі қазасын өтемейінше, оның парыздығы мойынынан түспейді. Сондықтан Ашура оразасының парыз амалды орындалмауына еш қандай қатысы жоқ!

Осыған мысал ретінде Қадір түнін айтса болады. Кейбір пысықтардың есебі бойынша, Қадір түнін ұйықтамай өткізген адам мың айдан артық құлшылық еткен болады екен! Олай болса, жыл сайын ораза ұстап не азап? Бір түн ұйықтамасаң болды, мың айдың, яғни кемінде сексен жылдық құлшылықтың, соның ішінде сексен жыл оразаның сауабын алады екенсің!

Біріншіден: Қадір түнін ұйықтамай емес, құлшылық етумен өткізу керек. Мысалы, дұға, намаз, Құран оқу, зікір т.с.с. құлшылық түрін орындаумен.

Екіншіден: Қадір түнін күту мойыннан оразаның парыздығын түсірмейді. Яғни, пенде бір емес, мың Қадір түнін күтседе, Рамазанның парызын орындаған болмайды. Себебі, нәпіл құлшылық парыз құлшылықтың өтемі бола алмайды. Ал Қадір түнін күту – нәпіл құлшылыққа жатады.

Үшінші сұрақ: бір себеппен тек Ашура күні, яғни мухаррамның оныншы күні ораза ұстаса, ораза дұрыс бола ма?

Жоғарыда айтқанымыздай, Ашура оразасын алдыңғы күнмен қосып ұстау – сүннет. Бір себеппен, мәселен ұмытып, тек Ашура күні ауыз бекітсе, Құдай қаласа, мәкрүһ болсада, оразасы есепке алынады. Тек болашақта Ашура оразасын, мазһабымыздың талабына сай, алдыңғы күнмен қосып ұстау мәселесінде мұқият болған жөн!

Төртінші сұрақ: мухаррам айында Ашура күнінен тыс ораза ұстаса бола ма?

Әрине, болады!

Осы орында шариғатымызда парызға қосымша құлшылық «нәпіл құлшылық» деп айтылатынын айта кеткен жөн. Мысалы, дәреттен кейін оқылатын екі рәкәғат намаз, мешітке келгенде оқылатын оқылатын екі рәкәғат намаз, таһәжжүд намазы, осының барлығы нәпіл, яғни қосымша құлшылыққа жатады. Ораза да сол сияқты. Рамазан айынан тыс ұсталатын, мысалы, дүйсенбі, бейсенбі, күнара ұсталатын ораза, шаууәл айының алты күн оразасы, осының барлығы қосымша оразаға жатады.

Кез келген қосымша құлшылық, ол намаз, не болмаса ораза болсын, парыз құлшылықта жіберілген кемшіліктің өтемі қызметін атқарады. Яғни, қаншалықты көп қосымша құлшылық орындасаңыз, соған сай парыз құлшылықтағы көп кемшілік жуылып-шайылады.

Жоғарыда мухаррам айы қасиетті төрт айдың бірі екені жайында, әрі бұл айларда орындалған құлшылықтың сауабы өзге айларда орындалған құлшылықтың сауабынан мол екені жайында айттық. Сондықтан мухаррам және өзге де айларда қаншалықты көп ораза ұстасақ, сол құрлым жақсы!

 

Биылғы Ашура оразасына қатысты бір мәселе!

Орны келгенде, мысал ретінде айтайық! Құдай қаласа, 27-ші тамыз бейсенбі. Ал бейсенбі күні ораза ұстау – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннеті. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүйсенбі және бейсенбі күні амалымыз көкке көтерілетіні жайында айтқан, әрі: «Мен амалым оразамен бірге көтерілуін қалаймын»,-деп, дүйсенбі мен бейсенбіде ауыз бекітетін. Осыған сай, 27-ші тамыз күні ауыз бекітсеңіз, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бір сүннетін орындаған боласыз.

Келесі күн – жұма, Ашурадан ілгері күн. Сондықтан жұма күні де ауыз бекітсеңіз болады. Ал келесі күн, яғни тамыздың жиырма тоғызы, сенбі – Ашура күні. Сонда, Құдай қаласа, үш күн қатарынан ораза ұстаған боласыз!

Осыдан соң жексенбі, яғни 30-шы тамыз күні ауыз бекітсеңіз, Құдай қаласа, Ашурадан кейінгі күні де ораза ұстағанның сауабын аласыз.

Кейін 31-ші тамыз күні ауыз бекітсеңіз, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннетіне сай дүйсенбі күні ораза ұстаған боласыз. Осыдан соң мухаррам айының 13, 14 және 15 жұлдызы.

Мухаррамның бұл үш күні қыркүйектің 1-3 күндеріне сәйкес келіп тұр.

Бұл үш күн «ай толған күнге» жатады. Ал ай толған күндері ораза ұстау – бұл да Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннеті. Сонда, Құдай қаласа, сегіз күн қатарынан ораза ұстаса болады екен! Сондықтан сауаптан үмітті бауырларымызға ыждағаттылығында сәттілік тілейміз!

Ерекше ескертетін мәселе! Бұл айтылғанды дәл осындай етіп орындау міндетті емес. Бұл – насихат, еске салу, ескерту ғана, әрі бұл үндеуіміз имани қуатты, құлшылықта ықыласты бауырларымызға арналады. Алла Тағала сауаптан жазсын! Әмин!

Алла Тағала құлшылықта ыждағатты болуымызды нәсіп етсін! Әмин!

Толығырақ ...

Мұсылман кім?

Мұсылман:

- Алла Тағалаға, оның періштелеріне, Кітаптарына, пайғамбарларына иман келтірген. («Бақара», 177 аят)

- Қияметте қайта тірілуіне нық сенген. («Бақара», 4 аят)

- намазды уақытылы толық орындаған. («Анфәл», 3 аят, «Муминун», 9 аят)

- зекетін берген. («Муминун», 4 аят)

- жақсы көрген дүниесін туысына, жетім-жесірге, мұқтаж-кедейге, жолаушыға және құлдықтан азат етуге жұмсайды. («Бақара», 177 аят)

- жақсы-жаман күндерде дүниесін жақсылыққа жұмсаған. («Әли Имран», 134 аят)

- Алла Тағаланың бергенін жақсылыққа ашық және жасырын түрде сарып еткен. («Рағд», 22 аят)

- дүниесін жақсылыққа жұмсауда орта жолды ұстанған. Яғни, ысырап пен сараңдыққа бармаған. («Фурқан», 67 аят)

- аманат пен күйлікке қиянат етпеген. («Мағариж», 32-33 аят)

- жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған. («Тәуба», 71 аят)

- Раббысына тәукел еткен. («Анфәл», 2 аят)

- Алла Тағаланың разылығы үшін сабыр еткен. («Рағд», 22 аят)

- ашуын баса білген. («Әли Имран», 134 аят)

- өзгелердің қате-кемшілігіне кешірім көзбен қараған. («Әли Имран», 134 аят)

- ораза ұстаған. («Тәуба», 112 аят)

- түнін намаз оқумен өткізген. («Фурқан», 64 аят)

- үміт және үреймен Алла Тағаладан тілеген. («Саждә», 16 аят)

- тәң сәріде истиғфар айтып, Алла Тағаладан кешірім тілеген. («Зарият», 18 аят)

- шын тәубеге келген. («Тәуба», 112 аят)

- жатсада, тұрсада Алла Тағаланы зікір еткен. («Әли Имран», 191 аят)

- үнемі Алла Тағалаға мақтау айтқан. («Тәуба», 112 аят)

- барлық мәселеде өзегелермен ақылдасқан. («Шура», 38 аят)

- туыстық қатынасты үзбеген. («Рағд», 21 аят)

- жамандыққа жақсылықпен жауап берген. («Қасас», 54 аят)

- уәреттерін бөгделерге көрсетпеген. («Муминун», 5 аят)

- дін жолында айыптаушының айыптауынан қорықпаған. («Мәида», 54 аят)

- кішіпейіл болған. («Фурқан», 63 аят)

- пайдасыз істен аулақ болған адам. («Муминун», 3 аят)

Құран – тек ас бергенде оқылатын кітап емес. Құран – тіршілік үрдісі!

Толығырақ ...

Намаз оқымасамда, жүрегім таза!

Ақиқатында, біз қатты қателесеміз!

Ақиқатында, жүрегіміз таза болса еді, намазды ең бірінші болып өзіміз оқитын едік! Себебі, таза жүрек – күнәдан таза жүрек. Ал намаз оқымау – күнә!

Намаз жайында айтылса: «Иман басты мәселеде жүректе болсын! Мен Алла Тағаланы жоққа шығарып жатқан жоқпын ғой»,-деп ақталып, айыбымызды мойындағымыз келмейді. Себебі, «жүрегіміз таза»!

Лағнеті шайтан бізді алдап, тұзағына түсіріп қойған! Ол даналардың: «Өзгенің артықшылығын, өз кемшілігіңді көре білсең – жақсы адам болғаның. Ал өзгенің кемшілігін, өзіңнің артықшылығыңды көрсең – жаман адам болғаның»,-деген сөзін құлағымызға құйып қойған. Ал біз болсақ, өзімізге тән «даналықпен»: «Е-е, басты мәселе жүрегің таза болу керек екен»,-деп тұжырымдап қойғамыз. Яғни, лағнеті шайтан «намаз оқумен қатар» деген сөзді жасырып қойғанын байқамай қалғамыз.

«Зато, жүрегім таза!»,-деп өзімізді алдап қойғамыз! Болмаса, мұсылман – Құран талаптарына бойсұнған адам! Ал Құранда: «Жүрегі таза болғандар намаз оқымай-ақ қойсын»,-деген жері жоқ. Керісінше, Алла Тағала «Шұғара» сүресінің 88-89 аяттарында Қяиметте дүние мен бала-шағаң пайда бермейтіні, тек күпірлік пен жаман пейілден пәк, яғни дінге ықыласты жүрекпен келген пенделер ғана сауапқа қол жеткізетіні жайында айтқан.

«Басты мәселе жүрек таза болуы тиіс»,-деп, Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жалғаншы етіп қойғамыз. Астағфируллаһ! Болмаса, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) біз басты мәселеде намаздан сұралатынымыз жайында айтқан.

Лағнеті шайтанға алданбайық! Өз-өзімізді алдамайық!

Алла Тағала Құранда намазды бұйырып былай деген:

«Отбасыңа намаз оқуды бұйырып, өзің намазда табанды бол!» («Таһа», 132 аят)

«Рас, намаз бұзақылық пен жамандықтан тыяды». («Ғанкәбут», 45 аят) Ал, бұзақылық пен жамандықтан аулақ болу – жүрегі таза болған пендеге тән сипат емес пе?!

«Уа, мүминдер! Сабыр етумен және намаз оқумен медет тілеңдер!» («Бақара», 153 аят)

Имам Хасан Басри (рохматуллаһи ғаләйһи): «Уа, адам баласы! Сен үшін намаздың қадірі болмаса, онда дініңде қадір тұтатын не қалды? Қяиметте ең алдымен намаздан сұраласың ғой!»

Осы айтылғанды оқып: «Е-е, солай екен ғой»,-деумен шектелместен, қортыныды шығарайық! Алла Тағала Құранның көптеген аятында: «ойланбайсыңдар ма?»,-деген.

Алла Тағала жүрегіміз күпірліктен пәк болуын жазсын! Әмин!

Толығырақ ...

Бүгін тапқан қазынам!

Барлық ісіңді оңнан баста! Бұл – сүннет!

«Сендерді сынап, жақсы-жаман күйге саламыз». («Әнбия», 35 аят) Пәниде жақсы мен жаманның мәнісі осы!

-

Құран оқылған үйдің,

Жақсылығы мол болар.

Оған шайтан жолай алмай,

Періштесі көп болар.

Құран оқылмаған үй тар,

Жақсылыққа зар болар.

Жолай алмай періштелер,

Шайтан онда көп болар.

-

Дүниенің қадірі қабырға дейін, иман қадірі жәннатқа дейін!

-

Уа, пенде! Асықсаң, Ақыретке әзірлік етуді асық!

-

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Сендердің жақсыларың Құранды өзі үйреніп, оны өзгелерге үйреткен»,-деді.

Суфйан саури (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Періште Құран оқыған пендені маңдайынан сүйеді».

-

Ажалың жетсе, о дүниеге денің сау болған күйде аттанасың! Сондықтан апаттан емес, апатты жіберуші Алла Тағаладан сақтан!

-

Бұл дүниенің ісі ада болмас,

Адал кәсіп еткен кедей болмас.

Құлшылықта берік болсаң,

Алланың бергені ада болмайды!

-

Құранды үйреніп, өзгелерге үйрет! Бұл – сүннет!

-

Адам баласы рух пен ағзадан тұрады. Рухсыз ағза, ағзасын рух болмайды. Иман – рухтың құлшылық. Намаз – ағзаның құлшылығы.

-

Уа, Раббым! Дүниені – бағымен, әрекетті –берекетімен, қуатты – санамен, сынақты – иманмен, нығметті – шүкіршілігімен бер!

Толығырақ ...