Шайтан адамның ішіне қалай кіреді?

Хазреті Имам Ғазали былай дейді: Әр адамда жабысып, мазасын қашыратын ең кемі бір шайтан болады. Шайтанның беретін уәсуәсәларынан сақтану керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Қанның тамырда жүретіні сияқты шайтан да адамның денесінде жүреді. Аштықпен (аз жеумен, ораза ұстаумен) оның жолдарын тарылтыңдар!»

Шайтанның жүрекке кіретін жолдарының бірі – Алла тағаланың затын (болмысын) ойландыру, күмәнға түсіру. Адамдардың ең ақымағы – ақылына ең көп сенетіні. Адамдардың ең ақылдысы – айыпты өзінен іздейтін және білмеген нәрселерін ғалымдардан сұрайтын адам. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Шайтан: “сені кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Ол адам: “Алла жаратты” деп айтса, “Оны кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Мұндай уәсуәсә келгенде: “Мен Алла пен Расулына иман еттім” десін!».

Толығырақ ...

Ана сатып аламын

9-10 жастар шамасындағы жетім бала базарда арба айдап күнелтеді. Бірде ол арбасын айдап арын ақшаға айырбастайтын әйелдер үйінің жанынан өтіп бара жатады да алдынан жолыққан бір адамнан: «Аға, мына жерде адамдар не істейді?» – деп сұрапты. Ол кісі: «Бұл жер әйел адамдарды ақшаман сатып алатын жер» – деп жауап беріпті. Бала: «Ааа, солай ма, әйел адамды қанша ақшаға сатып алуға болады, білмейсіз бе?» – деп қайталап сұрағанда әлгі адам сасқалақтап: «Білмеймін, өте көп ақша қажет болуы керек, өйткені бұл жерде көбінесе байлар жүреді ғой» – депті де тез-тез басып ұзап кетіпті.

Сол күннен бастап бала өзі қанша аш-жалаңаш жүрсе де, көп ақша табу үшін барын салады. Айлар бойы арбамен жүк тасып, көлік жуып, отыра қалып елдің етігін майлап, сағыз сатып, ол түгілі суықта далада тұрып ән де айтып дегендейін тапқан ақшасын жинай беріпті.

Толығырақ ...

Герольд Бельгер. Қазақ тарихи отанына оралмаса олардың орнын қытай басады

Тез арада шетелдегі қазақтарды жинау керек. Өйткені олар – қазақ ұлтының қуаты. Олай етпеген жағдайда ұлттық рух құлдыраған үстіне құлдырап, құрдымға кетеді, желге ұшады, шаң-тозаңға айналады, қазақтардың болашағы тығырыққа тіреледі. Қазір әлі де уақыт бар. Қаржы табылады. Сондықтан бұл мәселені бірінші кезекке қою шарт. Әйтседе, осы бізде соған жететін күш-жігерден гөрі шынайы жанашырлық болашақты болжау, оң қабақ кемшін бе деп қорқамын. Бұл нәрсеге деген риясыз ықыласты үкіметтен де, қазақтардың өздерінен де байқамаймын. Және қатты таңғаламын. Оның үстіне, сана-сезімі әлі ауыл-аймақ шеңберінен шыға алмай жүрген қазақтардың шетелдерден көшіп келген ат төбеліндей тумаларын «монғол», «қытай», «иран», «өзбек», «қалпақ» т.б. деп кемсітетіні несі?!

Толығырақ ...

Ғашық жанға хат

Немесе қазағымның жастары білсе екен... Валентин күнінің бастауы – оргия мен мазохизм екенін...

Қалайсың, қарагөз бауырым? «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, сезімдер ақтарылатын «ғашықтар күніне» дайындалып жүрсің бе? Сол күн жақындаған сайын жүрегіңнің де лүпілі күшейетін секілді ме, қалай? Ымм...? Демек, ұнатқан жаның бар екен ғой? Жә, ендеше, аптығыңды бас та отыршы. Екеуміз аздап сыр шертейік, сөйлесейік...

Қане, айтшы, жүрегіңді жаулаған жанға не сый жасамақсың? Оған деген сезіміңді білдіру үшін де сол «Валентин күнін» лайықтап қойдың-ау, солай ма? Ә, көздерің күлімдеп, жүзіңнің қызарып кеткені, сені сөйлетпей-ақ көп сырды аңғартады. Олай болса, ұнатқан жаның сен үшін маңызды деп ұқтым...

Толығырақ ...

Қазақ білетін кіндіктің киесін ғалымдар енді дәлелдеп жатыр

Туған жер туралы сөз болса, «кіндігім кесілген жер», «кіндік қаным тамған жер», «кіндік кесіп, кір жуған»… деген тұрақты тіркестер тәкбірдей тізіліп тіліміздің ұшына оралатыны табиғи десек, айгілі Қазтуған жыраудың:

Қарға бойлы Қазтуған,

Батыр да болып туған жұрт.

Кіндігімді кескен жұрт,

Толығырақ ...

Жеті жүз ғалымның жауабы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген: - Аллаһ деген адамның жәрдемшісі Аллаһ, ақша деген адамның жәрдемшісі болмайды.

Ақша, мал-мүлік қайырлы немесе қайырсыз болады. Бұл ақшаны табуға және жұмсауға байланысты. Ақшаның жұмсалған жерінен келген жері белгілі болады. Қайырлы мал-мүлік Аллаһ жолында жұмсалады. Қайырсыз мал-мүлік нәпістің, шайтанның жолында, яғни Аллаһу Тағаланың разылығы болмаған жерлерде қолданылады. Ал бұл нәрсе - пәлекет.

Ең үлкен байлық - қанағат. Қанағат - Хақ Тағаланың бергеніне разылық таныту деген сөз.

Толығырақ ...