Неге Ашура күні ораза ұстаймыз?

Құран – адамзатқа арналған заңдар жүйесін немесе жаратылыс құпиясы туралы деректерді ғана емес, тарихи оқиғалар туралы баяндамаларды да қамтиды. Ерекшелігі – бұл оқиғаларды әлемдердің Раббысы баяндайды. «Олар (пайғамбарлар) жайлы хабарларда ақыл иелері үшін ғибрат бар. Бұл (Құран) ойдан шығарылған әңгіме емес, ол – өзінен алдыңғыны растаушы, барлық нәрсенің анық түсіндірмесі әрі иманға келген адам үшін (тура жолды ұстануға) басшылық және мейірім».(«Йусуф» сүресі, 111-аят).

Толығырақ ...

Тәңіршілдік - Исламға қарсы болған жоба

Бұл жазба Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, шығыстанушы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек МҮМИНОВтың сұхбатынан жазып алынды

ҚАЗАҚ БIЛСIН / 22.08.2014, 11:30 / 1546 /10

Деректерде тәңіршілдік хақында еш сөз жоқ

Толығырақ ...

ҺИЖРИ ЖЫЛНАМА ТАРИХЫ МЕН АШУРА КҮНІ ХАҚЫНДА

Қасиетті Құранда «Тәубе» сүресінің 36-аяттында: «Расында Алла қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін»,-делінген.

Бұл аятта айдың саны қанша екені айтылған. Яғни, жыл бойындағы ай саны он екі. Демек, Алла тағала әуелде, жерді жаратқан сәтте оның қимыл, әрекетіне қарап ай санын он екі етіп белгілеген. Сондықтан, «Расында Алла қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны он екі»,-делінді жоғарыдағы аятта.

Толығырақ ...

Әйелдерге жиырма кеңес

Құдіреті шексіз Алла Тағала Құранда: «Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар»,-дейді. («Рум», 21аят)

Яғни, әйел – тек бір Аллаға құлшылық ету және ерінің тыныштық табуы үшін жаралды. Осы екі міндетті атқарып өткен әйел – екі дүниеде де бақытты. Оның жәннаты немесе тозағы, ақыретте намазбен бірге сұралатыны – жары. Тіпті, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Егер біреуге сәжде жасауға рұқсат берілсе, әйелге еріне сәжде жасауға бұйырар едім»,-деген. (Тирмизи)

Толығырақ ...

Жеті белгі

Үлкен фиқыһ ғұламасы Әбу Ләйс Самарқанди әңгімелеуде: «Аллаһтан қорыққан адамда жеті түрлі белгі болады.

Біріншісі – тілге қатысты белгі. Аллаһтан қорыққан адам тілінің қызметі арқылы өтірік, өсек, ғайбат айтпайды, ешкімді шағыстырмайды. Оның орнына Құран оқиды, зікір айтады, іліммен шұғылданады.

Екіншісі – жүрегіне байланысты белгі. Аллаһтан қорыққан адамның жүрегінде басқаларға деген қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, жалақорлық болмайды, өйткені хадисте «От ағашты қалай өртеп жоқ қылса, қызғаныш та адамның жақсылықтарын солай жалмап қояды» делінген. Ол кеселдің емі – ілім мен ізгі амалдар жасауда.

Толығырақ ...

Маймыл кімнің атасы?

Адамзат жаралғалы бері болмыстың (бар мен жоқтың) сырын ұғынып, алуан табиғат құбылыстарын түсіндірудің ешқашан бастары қосылмайтын әрі ірге ажыратып аулақ та кетпейтін «материалистік» және «идеалистік» аталған екідай жолы – қос сорабы бір біріне бой бермей, әлі тайталасып келеді. Өн бойы «тауық бұрын пайда болды ма, әлде жұмыртқа бұрын жаралды ма?» дегенге саятын қарабайыр дилеммадан тұратын қарама-қайшы көзғарастардың арғы-бергісін қазбаламай-ақ, әңгімеміздің әлқиссасын кезінде мерзімді басылымдарды бір дүрліктірген петерборлық оқушы қыз Мария Шрайбердің азаматтық ұстанымынан ұзатқанымыз жөн сияқты.

Толығырақ ...