Оразада айтысудың қажеті жоқ!

Негізінде бұл жайында оразаның басында айтылған еді. Бірақ бұл хадистің қажеттілігі әлде де болса маңызды. Сондықтан...

Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Ораза ұстағандарың жаман сөз айтпасын, дауласпасын. Біреу оны балағаттаса немесе онымен жанжалдасса, ол: «Мен оразамын»,-десін».

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Насаи риуаят етті.

Оразаның соңында біреумен болмашы нәрсеге айтсып сауабымыздан айырылып қалмайық, құрметті мұсылман қауым!

Толығырақ ...

Мұсылман үмметінің бес ерекшелігі

Пайғамбарымыз с.ғ.с. былай деді: «Рамазан айында үмметіме ілгеріде ешбір үмметке берілмеген бес ерекшелік берілді. Алла Тағала үшін оразашының ауызының иісі мисктің иісінен артық. Судағы балықтар ауыз ашатын уақытқа дейін ораза ұстағандар үшін Хақ Тағаладан күнәлары кешірілуін тілейді. Алла Тағала күніге жәннатты әшекейлеп: «Көп ұзамай Менің ізгі пенделерім дүниенің машақатынан босап саған келеді»,-дейді. Ерекше бүлікші шайтандар Рамазаннан тыс уақытта жаман қылықтарын істегендей істей алмау үшін Рамазан айында кісенделеді әрі соңғы түні ораза ұстағандардың күнәлары кешіріледі». (Ахмад)

Толығырақ ...

Рамазанда күнәсі кешірілмеген...

Кәъб ибн Ғүжра (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «...Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бізге: «Мінбарға жақындаңдар!»,-дегеннен соң біз мінбарға жақындадық. Кейін Ол (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірінші баспалдағын басып: «Әмин!»,-деді. Екінші баспалдағын басқанда да: «Әмин!»,-деді. Кейін үшінші баспалдағын басып тағы да: «Әмин!»,-деді. Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) уағыз айтып, мінбардан түскеннен кейін біз: «Уа, Расулулла (с.ғ.с.)! Біз бүгін Сізден бұрын естімеген нәрсені естідік»,-дегенімізде, Ол (с.ғ.с.): «Маған Жәбрәил (ғ.с.) келді. Мен мінбардың бірінші баспалдағын басқанымда, ол: «Рамазан айын қарсы алып, кешірімге лайық болмаған опат болсын»,-дегенде мен: «Әмин!»,-дедім...». (Бухари)

Хақ Тағалаға ерекше жақын болған Жәбрәил (ғ.с.) тәрізді періштенің теріс батасы аз нәрсе емес. бұл пенде Аллаһ Тағаланың кешірімі мен рахметі нөсерлеп жауған берекелі Рамазан айын селқостық және күнә істеумен өткізді деген сөз. Рамазан айын осылай өткізу себебінен Хақ Тағаланың кешірімінен мақрұм болған жан басқа уақытта қалай кешіріледі. Әрі ол опатқа ұшырауына қандай күмән болуы мүмкін. Ал Рамазан айында кешірімге лайық болудың жолы – орындалуы міндетті болған амалдарды, яғни ауыз бекіту мен тарауих намазын ықыласпен орындап, істеген күнәсі үшін шын жүректен тәубеге келіп, сол үшін көп кешірім сұрау.

Толығырақ ...

Рамазанның соңғы он күндігінде...

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазан бойы құлшылыққа ерекше көңіл бөлетін. Ал ақырғы он күндігінде құлшылығының тіпті шегі болмайтын. «Сахихүл-Бухари» және «Сахих Муслимдегі» хадистерден соңғы он күндікте Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзі ұйықтамағаны әрі отбасы мүшелерін де соған дағдыландыруға тырысатыны мәлім.

Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еткен хадисте Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа): «Рамазанның соңғы он күндігінде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) изарын (изар – белге оралып байланатын ішкі киім) тартып байлайтын. Кейін түнімен ұйықтамай, үйішіндегілерді де тұрғызатын»,-деген.

«Изарын тартып байлайтын» сөзі құлшылықтағы ыждағаттылық пен әйелімен жақындаспауды нұсқайды.

Толығырақ ...

Иғтикәфтан асқан амал бар ма?

Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үнемі орындаған амалдан асқан құндылық бар ма?! Иғтикәф еткен адамның мысалы біреудің табалдырығында қажетін табандылықпен сұрап отырған адамға ұқсайды. Мұндай жағдайда тіпті ең қатыгез жүректің жұмсауы ғажап емес! Ал жомарттығы ұлықтығына лайық Хақ Тағала пендесін қашанда кешіруге әзір. Көп жағдайда тіпті себепсіз де кешіреді. Ал жан-тәнімен Жаратушысына берілген пенденің қажеті өтелуінде қандай күмән бола алады?!

Иғтикәфтің мақсаты мен рухы – барлық нәрсемен қатынасты үзіп, жүректі Хақ Тағаламен байланыстыру. Өзін Алла Тағалаға тапсыру. Жаратылғанмен байланысты үзіп, Жаратушымен байланысу.

«Марақил-Фалләхтің» жазбагері айтады: «Ықыласпен орындалған иғтикәф ең абзал амалға айналады».

Иғтикәфта болған адам қандай халде болмасын, үнемі құлшылық еткен болып, әрдайым Алла Тағалаға жақындай түседі. Ал Имам Муслим Әбу Заррдан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен құдси хадисте Жаратушы Иенің мына сөзі келтірілген: «Бір игілік істегенге он есе артық сауап. Әрі одан да артығын беремін. Жамандық істегенге жазасына сол мөлшердегі жамандық беріледі немесе Мен оны кешіремін. Пендем Маған бiр кез жақындаса, Мен оған бiр құлаш жақындаймын. Егер Маған жүрiп келсе, Мен оған қарай жүгiремiн. Жер бетiн толтыратындай көлемде күнә iстеп, бiрақ құлшылығыңда Маған серiк қоспаған пенденің істеген күнәсіне сай кешіріммен қарсы аламын».

Иғтикәфта адам баласы Хақ Тағаланың қонағына айналып, Жаратушы Иенің қамқорлығында болады.

Толығырақ ...

Иғтикәфтің сауабы

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бір сөзінде иғтикәф етушіге қатысты: «Ол күнәдан аман болады. Әрі оған барлық ізгі амал етушілерге жазылған сауап жазылады»,-десе, екінші бір сөзінде: «Біреу бауырының қажетін өтеу үшін шыққаны, ол үшін он жыл бойы иғтикәф еткеннен абзал. Ал кім Хақ Тағаланың разылығы үшін бір күн иғтикәф етсе, Алла Тағала тозақ пен оның арасында ені жер мен аспанның арасындай үш ор жаратады»,-деген.

Бір күн иғтикәфтің сыйы сондай болса, онда он жыл иғтикәфтің сауабы қандай болмақ?!

Бұл айтылғанда екі мәселе бар. Біріншіден: бір күн иғтикәфтің себебінен Хақ Тағала иғтикәф иесі мен жаһаннамның арасында үш ор жаратып, әр ордың ені жер мен аспанның арасындай болады әрі не құрлым көп иғтикәф етсе, сол құрлым сауабы да көбейе береді.

Екінші мәселе бірінші мәселеден маңызды. Себебі бір мұсылман екінші мұсылманның қажетін өтеуі он жыл иғтикәф еткеннен абзал.

Толығырақ ...