Шаууәлдің алты күн оразасын қалай ұстаймыз?

Біріншіден: шаууәл айының алты күн оразасы ұстаудың белгілі күндері жоқ. Яғни, Рамазан айынан кейін шаууәл айы болса (29 немесе 30 күн), осы аралықта ұстаса болғаны.

Екіншіден: шаууәл айының алты күн оразасын тұтас ұстау шарт емес. Яғни, оны бір, екі, үш, төрт, бес немесе тұтас алты күн етіп ұстаса болады. Басты мәселе: шаууәл айының ішінде ұстаса болғаны.

Үшіншіден: дегенмен, абзалы – Ораза айтынан кейін тұтас алты күн ұстау. Себебі, хадисте «кейін алты күн ауыз бекіткен» делінген.

Төртіншіден: қазақтарда үш айттау ғұрпы қалыптасқан. Ал негізінде айт бір ғана күн. Сондықтан, егер адамдар айттап жатса, көпшіліктен бөлінбестен, бірге айттаған дұрыс. Яғни, шаууәл айының оразасын үш күн айттан соң бастаса болады. Егер біреулер Рамазаннан соң бір күн айттап, шаууәл оразасын ұстаса, өз еркі. Тек арада түсінбеушілік болмауын қарастырған жөн!

Бесіншіден: ҚМДБ шығарған шаууәл айының күнтізбесінде таңату мен күн батудың уақыты көрсетілген. Шаууәл айының оразасын сол кесте бойынша ұстаса болады.

Хақ Тағала баршамызға парыз және нәпіл оразаларын ұстауды нәсіп етсін! Әмин!

Толығырақ ...

Шаууәл оразасы – шүкіршілік бейнесі

Пенде Рамазаннан кейін шаууәл айының алты күнінде ауыз бекітуі – Рамазан айының оразасын ұстауды нәсіп еткен Хақ Тағалаға шүкіршілік етудің бейнесі.

Бір оразадан соң келесі оразаны ұстау – құлшылыққа деген сүйіспеншіліктің нышаны.

Рамазан оразасынан кейін шаууәл орзасын ұстау – мол сауапқа қол жеткізудің жолы. 

Ғалымдар Рамазан айының оразасын парыз намазға, ал нәпіл оразаны намаздың сүннетіне мысал еткен. Осыған сай имам Ибн Ражәб (рохматуллаһи ғаләйһи) былай деген: «Шаууәл және шағбан айларының оразалары парыз намазынан бұрын және кейін оқылатын бекітілген сүннет намаздары іспеттес. Сүннет арқылы парыздағы кемшіліктердің орны толықтырылады. Қияметте де парыздар нәпілдермен кемелдендіріледі. Расында да, әрбір пенденің парыз оразасында кемшілік болады, сондықтан ол қосымша нәпіл амал орындауы тиіс».

Толығырақ ...

Шаууәл оразасының мәнісі!

Рамазан – құлшылық пен сауап маусымы болса, шаууәл – сол сауапты молайту маусымы.

Рамазан айы мен оған жалғасып жатқан шаууәл айының оразасы – мүминнің тіршілігін бейнелейді. Себебі мүминнің бүкіл ғұмыры құлшылық кезеңдерінен тұрады. Мәселен, бір намазын оқығаннан соң мұсылман келесі намазына әзірлік етеді. Дәрет алып, артынша намаз оқиды. Адалдан астанып артынша адал кәсібіне кіріседі т.с.с.

Ғалымдардың айтуынша әрбір ізгі амалға он есе артық сауап беріледі. («Әнғам», 160 аят) Ал Рамазан айының оразасы он айдың оразасына тең болса, шаууәл айының алты күн оразасы екі айлық ораза тең. Бұл айтылғанға имам Ибн Мажәһ (рохматуллаһи ғаләйһи) Сәубаннан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисіндегі Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мына сөзі дәлел:«Ораза айтынан кейін алты күн ауыз бекіткен адам жыл бойы ораза ұстаған болады».

Демек, Рамазан айының оразасын он айға теңер болсақ, шаууәл айының әрбір күні алты күн ораза тең болып, нәтижеде 60 күн, яғни екі ай ораза шыға келеді. Әбу Әш-Шайхтың (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаятында бұған қатысты былй делінген: «Алла Тағала ізгі амалдың сауабын он есе артық етті. Сондықтан бір ай (яғни, Рамазан айы) он айға тең болса, одан кейінгі алты күн ораза бір жылдық оразаны толықтырады».

Толығырақ ...

Шаууәл айының оразасы

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан оразасын ұстап, кейін шаууәл айында алты күн ауыз бекіткен адам жыл бойы ораза ұстаған болады». Муслим

Рамазан айынан соң шаууәл айы кіреді. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шаууәл айында алты күн ауыз бекітетін әдеті болған. Сондықтан шаууәл айының оразасы сүннетке жатады.

Шаууәл айындағы алты күн оразаның мәні: ол Рамазан оразасы кезінде орын алған кемшіліктерді жуып-шаяды.

Ғалымдар: «Бір ізгі амалдан соң келесі ізгі амалды істеу – алдыңғы амал қабыл болғанның белгісі»,-дегеніне сай Рамазаннан соң шаууәл айының алты күн оразасын ұстау парыз оразасы қабыл болғанның бір белгісі.

Имам Ибн Ражәб (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Пенде Рамазан айынан кейін шаууәл айының алты күн оразасын ұстауы – Рамазан оразасы қабыл болғанның нышаны. Өйткені Алла Тағала бір амалын қабыл еткен пендеге келесі игі амалды істеін нәсіп етеді». Осығай орай ғалымдар: «Ізгі амалдың сауабы келесі ізгі амалға септігін тигізеді»,-деген.

Толығырақ ...

Шаууәл айының оразасы

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан оразасын ұстап, кейін шаууәл айында алты күн ауыз бекіткен адам жыл бойы ораза ұстаған болады». Муслим

Рамазан айынан соң шаууәл айы кіреді. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шаууәл айында алты күн ауыз бекітетін әдеті болған. Сондықтан шаууәл айының оразасы сүннетке жатады.

Шаууәл айындағы алты күн оразаның мәні: ол Рамазан оразасы кезінде орын алған кемшіліктерді жуып-шаяды.

Ғалымдар: «Бір ізгі амалдан соң келесі ізгі амалды істеу – алдыңғы амал қабыл болғанның белгісі»,-дегеніне сай Рамазаннан соң шаууәл айының алты күн оразасын ұстау парыз оразасы қабыл болғанның бір белгісі.

Хақ Тағала баршамызға парыз және нәпіл оразаларын ұстауды нәсіп етсін! Әмин!

Толығырақ ...

Оразаның кәффараты

Әбу Һурайра (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Бірде біз Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жанында отырғанымызда біреу келіп: «Уа, Расулуллаһ! Мен құрыдым!»,-деді.

- Не болып қалды?

- Ораза бола тұрып әйеліммен қосылып қойдым.

- Құлды азат ете аласың ба?

- Жоқ.

- Екі ай үздіксіз ораза ұстай аласың ба?

- Жоқ.

- Алпыс міскінді тамақтандыра аласың ба?

- Жоқ.

Осыдан соң Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) күтіп отырды. Біз осылай отырғанымызда Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) ішінде құрмасы бар үлкен себет алып келінді. Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Әлгі сұраушы қайда?»,-деді. Әлгі адам: «Ол менмін»,-деді.

- Мынаны ал да садақа ет!

- Уа, Расулуллаһ! Бұны менен кедейге берейін бе? Құдай ақы! Екі Харраның арасында менің жанұямнан кедей жанұя жоқ.

Сонда Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тісі көрінетіндей мөлшерде күлімсіреп: «Онда мұнымен өз жанұяңды тамақтандыр»,-деді». Бухари

Харра – қара тасты жер. Мәдинаның шығысы мен батысындағы Харрат Әл-Уақим және Харрат Әл-Уабара деп аталатын қара тасты екі жер бар.

Оразаны себепсіз бұзған адам оразаның кәффаратын өтейді.

Кәффарат – төлем, өтем.[1]

Оразаның кәффараты үш жолмен өтеледі:

1. Құлды азат ету. Бұл жағдайда құлдықтан азат етілетін адамның мұсылман болуы шарт емес.[2]

2. Құлды азат еткенге шамасы жетпесе екі ай үздіксіз ауыз бекітеді.[3] Ораза кәффаратын осы жолмен өтейтін адам алдымен қаза болған күндерін өтеп, кейін артынша екі ай ауыз бекітеді. Мәселен, бір күні қаза болса, алпыс бір күн, екі күні қаза болса, алпыс екі күн ораза ұстайды. Бұл мерзім айт және ташриқ күндеріне сәйкес келмеуі тиіс.

Зул-Хижжа айының бес күні, яғни Арафа күні мен кейінгі Құрбан айтының үш күні «Аййамут-Ташриқ» (ташриқ күндері) деп аталады. Бұл күндері парыз намаздарынан кейін ташриқ тәкбирі айтылады.

Ташриқ тәкбирі: «Аллоһу әкбар, Аллоһу әкбар. Лә иләһә илләл-лоһу, уоллоһу әкбар. Аллоһу әкбар уа лилләһил-хәмд».

Әйел адам кәффаратын өтеген жағдайда оразасын хайз күндерінде үзіп, кейін тазарған күннен жалғастырады. Сонымен қатар кәффаратын өтеп жатқан адам құлды азат еткенге шамасы келіп қалған жағдайда оразасын тоқтатып, құлды азат етеді. Бұл жағдайда оның құлды азат еткені алпыс күннің орнын басады.[4]

3. Әлсіздігі немесе науқас болу себебінен алпыс күн ауыз бекіте алмайтын адам алпыс міскінді[5] тамақтандырады.[6] Тамақтың мөлшері ретінде таңертеңгі және кешкі астың мөлшері алынады. Мұндай жағдайда бір уақытта алпыс міскінді тамақтандыру шарт емес. Уақыт және санын бөліп-бөліп толықтырса да болады. Мысалы, бір жағдайы келгенде он адамды, кейін тағы бір жағдайы келгенде жиырма адамды тамақтандырады. Айналып келгенде кәффараттың алпысын толтырса болғаны.



[1]қар. «Мәида» сүресі, 89 аят.

[2]«Фиқһүл-ғибадат ғаләл-мазһабил-ханафи». Ескерту: бүгінгі күні «құл, құлдық» деген жағдай да, атау да жоқ. Құдайға шүкір! Дегенмен, құлдықтан азат ету мәселесі шариғат кітаптарында қарастырылуы себебінен, мәлімет ретінде, бұл жайында оразаның кәффаратына қатысты тақырыпта айтып кетуге тура келеді. Ислам – адами құндылықтарға шақыратын дін. Соның бір көрінісі: оразаның кәффараты ретінде құлға азаттық беру. Осы жағдайды асыл дініміздің артықшылығы ретінде қабылдайық, құрметті мұсылман қауым!

[3]«Фиқһүл-ғибадат ғаләл-мазһабил-ханафи»

[4]«Фиқһүл-ғибадат ғаләл-мазһабил-ханафи». Ескерту: бүгінгі күні «құл, құлдық» деген жағдай да, атау да жоқ. Құдайға шүкір! Дегенмен, құлдықтан азат ету мәселесі шариғат кітаптарында қарастырылуы себебінен, мәлімет ретінде, бұл жайында оразаның кәффаратына қатысты тақырыпта айтып кетуге тура келеді. Ислам – адами құндылықтарға шақыратын дін. Соның бір көрінісі: оразаның кәффараты ретінде құлға азаттық беру. Осы жағдайды асыл дініміздің артықшылығы ретінде қабылдайық, құрметті мұсылман қауым!

[5]яғни, қаріп-қасер, кембағалды.

[6]«Фиқһүл-ғибадат ғаләл-мазһабил-ханафи»

Толығырақ ...