Шаууәл айының оразасы

Шаууәл айының оразасы

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан оразасын ұстап, кейін шаууәл айында алты күн ауыз бекіткен адам жыл бойы ораза ұстаған болады». Муслим

Рамазан айынан соң шаууәл айы кіреді. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шаууәл айында алты күн ауыз бекітетін әдеті болған. Сондықтан шаууәл айының оразасы сүннетке жатады.

Шаууәл айындағы алты күн оразаның мәні: ол Рамазан оразасы кезінде орын алған кемшіліктерді жуып-шаяды.

Ғалымдар: «Бір ізгі амалдан соң келесі ізгі амалды істеу – алдыңғы амал қабыл болғанның белгісі»,-дегеніне сай Рамазаннан соң шаууәл айының алты күн оразасын ұстау парыз оразасы қабыл болғанның бір белгісі.

Хақ Тағала баршамызға парыз және нәпіл оразаларын ұстауды нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға