Шаууәл айының оразасы

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан оразасын ұстап, кейін шаууәл айында алты күн ауыз бекіткен адам жыл бойы ораза ұстаған болады». Муслим
Рамазан айынан соң шаууәл айы кіреді. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шаууәл айында алты күн ауыз бекітетін әдеті болған. Сондықтан шаууәл айының оразасы сүннетке жатады.
Шаууәл айындағы алты күн оразаның мәні: ол Рамазан оразасы кезінде орын алған кемшіліктерді жуып-шаяды.
Ғалымдар: «Бір ізгі амалдан соң келесі ізгі амалды істеу – алдыңғы амал қабыл болғанның белгісі»,-дегеніне сай Рамазаннан соң шаууәл айының алты күн оразасын ұстау парыз оразасы қабыл болғанның бір белгісі.
Имам Ибн Ражәб (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Пенде Рамазан айынан кейін шаууәл айының алты күн оразасын ұстауы – Рамазан оразасы қабыл болғанның нышаны. Өйткені Алла Тағала бір амалын қабыл еткен пендеге келесі игі амалды істеін нәсіп етеді». Осығай орай ғалымдар: «Ізгі амалдың сауабы келесі ізгі амалға септігін тигізеді»,-деген.