Шаууәл оразасының мәнісі!

Шаууәл оразасының мәнісі!

Рамазан – құлшылық пен сауап маусымы болса, шаууәл – сол сауапты молайту маусымы.

Рамазан айы мен оған жалғасып жатқан шаууәл айының оразасы – мүминнің тіршілігін бейнелейді. Себебі мүминнің бүкіл ғұмыры құлшылық кезеңдерінен тұрады. Мәселен, бір намазын оқығаннан соң мұсылман келесі намазына әзірлік етеді. Дәрет алып, артынша намаз оқиды. Адалдан астанып артынша адал кәсібіне кіріседі т.с.с.

Ғалымдардың айтуынша әрбір ізгі амалға он есе артық сауап беріледі. («Әнғам», 160 аят) Ал Рамазан айының оразасы он айдың оразасына тең болса, шаууәл айының алты күн оразасы екі айлық ораза тең. Бұл айтылғанға имам Ибн Мажәһ (рохматуллаһи ғаләйһи) Сәубаннан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисіндегі Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мына сөзі дәлел:«Ораза айтынан кейін алты күн ауыз бекіткен адам жыл бойы ораза ұстаған болады».

Демек, Рамазан айының оразасын он айға теңер болсақ, шаууәл айының әрбір күні алты күн ораза тең болып, нәтижеде 60 күн, яғни екі ай ораза шыға келеді. Әбу Әш-Шайхтың (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаятында бұған қатысты былй делінген: «Алла Тағала ізгі амалдың сауабын он есе артық етті. Сондықтан бір ай (яғни, Рамазан айы) он айға тең болса, одан кейінгі алты күн ораза бір жылдық оразаны толықтырады».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға