Шаууәлдің алты күн оразасын қалай ұстаймыз?

Шаууәлдің алты күн оразасын қалай ұстаймыз?

Біріншіден: шаууәл айының алты күн оразасы ұстаудың белгілі күндері жоқ. Яғни, Рамазан айынан кейін шаууәл айы болса (29 немесе 30 күн), осы аралықта ұстаса болғаны.

Екіншіден: шаууәл айының алты күн оразасын тұтас ұстау шарт емес. Яғни, оны бір, екі, үш, төрт, бес немесе тұтас алты күн етіп ұстаса болады. Басты мәселе: шаууәл айының ішінде ұстаса болғаны.

Үшіншіден: дегенмен, абзалы – Ораза айтынан кейін тұтас алты күн ұстау. Себебі, хадисте «кейін алты күн ауыз бекіткен» делінген.

Төртіншіден: қазақтарда үш айттау ғұрпы қалыптасқан. Ал негізінде айт бір ғана күн. Сондықтан, егер адамдар айттап жатса, көпшіліктен бөлінбестен, бірге айттаған дұрыс. Яғни, шаууәл айының оразасын үш күн айттан соң бастаса болады. Егер біреулер Рамазаннан соң бір күн айттап, шаууәл оразасын ұстаса, өз еркі. Тек арада түсінбеушілік болмауын қарастырған жөн!

Бесіншіден: ҚМДБ шығарған шаууәл айының күнтізбесінде таңату мен күн батудың уақыты көрсетілген. Шаууәл айының оразасын сол кесте бойынша ұстаса болады.

Хақ Тағала баршамызға парыз және нәпіл оразаларын ұстауды нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға