Жұма күні бесін намазы оқыла ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Жұма күні бесін намазы оқыла ма әлде жұма намазы бесін намазының орнын баса ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала барша намазыңызды қабыл етсін!

Жұма күні намаз парыз болғандар жұма намазын оқиды және осыдан соң олар бесін намазын оқуы міндетті емес.

Жұма намазы кімге парыз:

1. Балиғат жасынаа жету (ер бала – 12 жас, қыз бала – 9 жас);

2. Азат болу (абақты болмау);

3. Ер кісі болу (әйел кісіге жұма парыз емес);

4. Дені сау, намазға жете алатын болу (мысалы, салға жұмаға қатысу парыз);

5. Саналы болу (ақыл-есі дұрыс емеске жұма парыз емес);

6. Муқим болу (яғни, мусафир үкімінде болмау). 

Жұма парыз болмаған кісі бесін намазын оқуы жеткілікті, ал мешітке келіп жұма намазына қатысқан жағдайда, бесін намазын оқымайды. Бұл үкім әйелзатқа да қатысты. Негізі әйелге жұма намаз парыз емес. Бірақ жұма намазға келген әйел жамағатпен жұма намазын оқумен шектеледі. Яғни, жұма намазына қатысқан әйел артыгша бесін намазын оқуы шарт емес.

Толығырақ ...

Гугл-шейх болады дейді?!

Сұрақ: Ас-саләму аләйкум! Менің бір досым бар. Одан діни бір мәселені сұрасаң «қазір» дейді де гуглға кіріп жауабын айтады. Осындай жауапқа сүйенуге бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала баршамызға һидаят берсін!

Діни бір мәселе туындаса жауапты гуглдан іздеу дертіне «жауапты гугл-шейхтен сұрау» деп диагноз қойса болады.

Жауапты гугл-шейхтен сұраудың бірнеше қауіпті жағы бар. Мысалы:

1. Сіз жауапты кім беріп жатқанын білмейсіз.

2. Тіпті сайтта «пәленше шейх» деп тұрғанымен соның өзі қасақана ұйымдастырылған бір айла болуы әбден ықтимал.

3. Он жерден гугл-шейх сұраққа мүдірместен жауап бергенімен, сіз жүздеген, тіпті мыңдаған жауаптың қайсысын таңдайсыз?

4. Осыдан келесі мәселе туындайды! Сіз таңдаған жауаптың дұрыс екеніне кім кепіл?

Бұл тізіді ары қарай жалғастырса болады. Алайда осы айтылғанның өзі жауапты гугл-шейхтен сұраудың қаншалықты қатерлі екенін көрсетіп тұр.

Ең дұрысы – интернет мәселесінде еліміздегі сенімді дерек көздеріне сүйенген жөн. Айтар болсақ муфтият.кз сайтына. Егер бір жауап қанағаттандырмаса онда сол муфтият.кз сайтына тіркелген өзге де сайттар арқылы сұрағыңызға жауап алсаңыз болады. 

Соңында айтарымыз! Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) заманында интернет, гугл-шейх болмаған. Сондықтан білімді, әсіресе дін ілімін жансыз аспаптан емес, тірі ұстаздан алған жөн. Міне, осы – сүннеттің нағыз өзі. Бұған Жәбрәил (ғаләйһис-саләм) адам бейнесінде келіп, Пайғамбарымызбен (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) тізе тіресіп отырып иман мәселесін үйреткені өнеге бола алады!

Толығырақ ...

Геморрой жағдайындағы дәрет

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Геморрой болған адам қалай дәрет алады?

Жауап:  Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Геморрой – үзірлі жағдайға, ал геморройы болған адам үзір иесі болып есептеледі. Ал үзір иесінің бір дәреті бір ғана намазға жарайды. Оған қоса ол дәрет нақты оқылатын намаз уақыты кіргеннен кейін алынады. Мысалы, үзір иесі песін намазының дәретін песін уақыты кіргеннен кейін алады. Уақыты кірместен алған дәрет намазға жарамайды.

Геморройға қатысты келесі мәселе: геморройы бар адам су жарасына зиянды болса орынын сумен жууы міндетті емес. Нәжістен әжетхана қағазы т.с.с. нәрсемен тазарса болғаны. Осыдан соң әжетханадан шыққаннан соң әдеттегідей дәрет алады. Яғни, дәретте жуылатын мүшелер жуылады.

Келесі мәселе: дәрет алғаннан кейін геморрой орынынан бір сұйықтық ақсада (қан, сары су т.б.) намаз уақыты кіргеннен кейін алынған дәрет намазға, Құран ұстағанға жарамды. Себебі, бұл жерде жоғарыда айтылған «үзір жағдайы» ескеріледі. 

Анығы Алла Тағалаға мәлім!

Толығырақ ...

Оразаның қазасын өтеу

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Рамазан кезінде етеккір келген күндер қалай және қашан өтеледі?

Жауап:  Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Рамазан кезінде етеккір келген жағдайда оразаның тек қаза болған күндері өтеледі. Мысалы, 3-10 күн аралығында қанша күн етеккір келген болса, мысалы, 4 күн, Рамазаннан кейін сол төрт күн қаза ретінде өтеледі. 

Етеккір себебінен қаза болған күндер тұтас не болмаса бөлек-бөлек өтелсе болады. Мәселе, қаза болған күндер келесі оразаға дейін өтелсе болғаны.

Толығырақ ...

Укаша ата сахаба ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Түркістандағы Укаша ата сахаба деген сөз бар. Расында да Укаша ата сахаба болған ба?

Жауап:  Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Мәселені Ғұкәша ибн Михсан (родиял-лаһу ғанһу) есімді сахабадан бастасақ.

Ғукәша ибн Михсан (родиял-лаһу ғанһу) – Исламды бірінші болып қабылдағандардың бірі, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) заманында барлық ғазауатқа қатысқан сахаба, муһажир. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Ғукәшаны (родиял-лаһу ғанһу) екі жасаққа қолбасшы етіп тағайындаған болатын. Бір мәрте һижри 6-шы жылы, екінші рет – һижри 9-шы жылы.

Ғукәша ибн Михсан (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыздан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) «сен – жәннатысың» деген сүйінші хабарды алған сахабаның бірі.

Енді Ғукәшаның (родиял-лаһу ғанһу) қайтыс болу мәслесіне келер болсақ, ол Әбу Бәкрдің (родиял-лаһу ғанһу) заманында муртадтармен (діннен қайтқандармен) болған шайқаста 45 жасында шаһид болған.

Нақты деректерге қарағанда Ғукәша ибн Михсан (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеден өткеннен кейін бір жылдан соң көз жұмған.

Енді Түркстан маңайындағы Укаша атаға келер болсақ, біріншіден: адамдар оны қай сахабамен байланыстырып жатқаны беймәлім.

Екіншіден: егер оны Ғұкәша ибн Михсанмен (родиял-лаһу ғанһу) байланыстырса, жоғарыда айтылғандай Ғұкәша ибн Михсан (родиял-лаһу ғанһу) бірінші әділ халифа Әбу Бәкрдің (родиял-лаһу ғанһу) заманында қайтыс болғаны анық. Ал ол кезде мұсылман әскерлері Орта Азияға, соның ішінде Қазақстн жеріне келмеген болатын.

Үшіншіден: мүмкін Ғұкәша ибн Михсаннан (родиял-лаһу ғанһу) басқа «Ғукәша» есімді сахаба болған да шығар. Онда егер Укаша ата расында да сахаба болса, онда ол жайында нақты тарихи дерек болу керек еді. Ал біз білетініміз – жалаң сөз болмаса, Укаша атаның сахаба болғаны жайында ешбір тарихи мәлімет жоқ.

Ойландыратын тағы бір мәселе! Укаша атаның басындағы құдық Меккедегі Зәмзаммен байланысты-мыс. Оны кім тексеріпті? 

Осы жағдайда «анығын Алла Тағала біледі» дегеннен өзге ылаж жоқ.

Толығырақ ...

Кезінде білмей денеме наколка түсіріп қойыптым...

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Кезінде білмей денеме наколка түсіріп қойыптым. Ал Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) денесін таңбалағанды лағнеттеген екен. Енді не істеуім керек? Денемдегі наколканы кетіруім керек пе?

Жауап:  Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала сізді рахметіне бөлеген екен! Олай дейтінім – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сөзіне мән бергеніңіз. Алла Тағала сізге разы болсын!

Денені таңбалау мәселесіне келер болсақ, рас Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

لَعَنَ الله الْوَاشِمَاتِ وَالمُسْتَوْشِمَاتِ

«Алла Тағала денесін таңбалаушы мен денесіне таңба түсірушіні лағнет етті». (Әбу Дауд)

Шариғат бойынша денеге таңба (наколка) салу – арам. Оған осы айтылған хадис дәлел. 

Білместіктен денесіне таңба түсіріп, кейін қателігін ұғынған адам бірінші мәселеде тәубеге келіп, Хақ Тағаладан қылығы үшін кешірім тілеу керек. Кейін реті келсе денесіндегі таңбаны кетірген жөн. Ал денедегі таңбаны кетіру денсаулыққа зарарлы болса, онда тәубе ету жеткілікті.

Толығырақ ...