Сәресіні дәретпен ішу

Сәресіні дәретпен ішу

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Сәресіге тұрғанда дәрет алу міндетті ме?

Жауап:  Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала оразаңызды қабыл етсін!

Сәресі ішу үшін дәрет алу міндетті емес. Тіпті ерлі-зайыптылар қосылса не болмаса бір көз іліп жүнуб (поллюция) болған жағдайдың өзінде сәресі ішу үшін ғұсыл парыз емес. Екі жағдайда да дәрет пен ғұсылды сәресі ішіп болғаннан соң алса болады. 

Сәресі ұйықтап қалып жүнуб болған халде таңатырған жағдайда ғұсыл құйынып кейін намаз оқылады. Сонан соң оразасын жалғастырады. Яғни, ауыз бекіту үшін сәресі ішу шарт емес.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға