Фитнашы болып есептеле ме?

Фитнашы болып есептеле ме?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Адамдарды бір-бірімен араздастырушы адам шариғат бойынша адамдардың арасына фитна салушы болып есептеле ма?

Жауап:  Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Шәк жоқ, адамдарды өзара араздастырушы фитнашы болып есептеледі.

Адамдардың арасын бұзудың бірден-бір жолы – ғайбат пен өсек.

Алла Тағала ғайбатқа тыйым салып «Хужүрат» сүресінің 12-ші аятында:

ولا يغتب بعضكم بعضاً

«Бір-біріңді ғайбаттамаңдар»,-деген.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) ғайбаттың мәнісін түсіндіріп:

ذكرك أخاك بما يكره

«Бауырың сені жағымсыз сөзбен еске алуы»,-деген. (Муслим)

Өсекші – бүлік шығару мақсатымен арада сөз тасушы.

Ораза кезіндегі өсек пен ғайбаттың ауырлығы ерекше. Өйткені ораза – нәпсі, жүрек, денені пәктеу маусымы. Сондықтан ауыз бекіткен пенде таңатқаннан кешке дейін ішіп-жеуден тыйылумен қатар ғайбат пен өсектен, яғни фитнаға алып баратын келеңсіз жағдайлардан сақтануы тиіс. 

Біреуді өсектеуден нәпсісі ләззат тапқан сорлы жан мынаны білсін – Ақыретте есеп сауаппен жүргізіледі. Яғни, біреуге тіл тигізген соның есесін сауабымен қайтарады. Күнәсінің жазасын өтер сауабы болмаса оған оның тіліне іліккеннің күнәсі артылады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға