Намазда қателесіп сәһу саждесін орындамаса...

Намазда қателесіп сәһу саждесін орындамаса...

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Намазда сүрені оқып тұрып қателессе, кейін намаз соңында сәһу сәждесін жасауды ұмытып екі жаққа сәлем беріп қойса не істеу керек?

Жауап:  Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Біріншіден: Алла Тағала намазыңызды қабыл етсін!

Екіншіден: Сәһу сәждесі намаздың уәжіп амалында қателік кетсе орындалады. Ал намаз барысында сүре, дәлірек айтар болсақ Құран оқу – уәжіп амалына жатады. Сол себепті сүреде қателессе сәһу сәждесін орындау уәжіп болады. Ал сүреде қателесу қандай сипатта болды – бұл басқа мәселе. Құдай қаласа, ол жайында тиесілі орында әңгімелеп береміз.

Үшіншіден: сәһу сәжденің өзі сәлемнен кейін орындалады. Мысалы, намазды жеке оқыған кезде бір (оң) немесе екі (оң және сол) жаққа сәлем беріп, кейін сәһу сәждесін орындасаңыз болады. парқы жоқ. екеуі де дұрыс.

Имам қателессе жамағатқа қателескенін білдіру үшін оң жаққа сәлем беріп, кейін сәһу сәждесін орындайды.

Төртіншіден: намаздың уәжіп амалында қателесіп, кейін намаз соңында сәһу сәждесін орындауды ұмытып, екі жаққа сәлем беріп тұрып кетсе не болады? Мысалы, екі жаққа сәлем беріп мешіттен шығып кеттіңіз немесе дүние сөзін сөйлеп қойдыңыз дейік. Сонан соң барып сәһу сәждесін істеуді ұмытқаныңыз есіңізге түсті. Бұл жағдайда қолыңыздан келер бір ғана іс бар. Ол – тәубеге келіп, Алла Тағаладан жіберген қателігіңіз үшін кешірім тілейсіз. Ал намаз мәселесіне келер болсақ, ол Құдай қаласа қабыл. Тек уәжіп амалы орындамалмағаны себепті дәрежесі төмен болуы ықтимал. 

Анығы жалғыз Алла Тағалаға мәлім!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға