Сүрелерді жаттау қиын болып жүр...

Сүрелерді жаттау қиын болып жүр...

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Маған жұма намазда оқылатын сүрелерді жаттау қиын болып тұр. Бірақ ниеттімін. Осыған қатысты қандай кеңес берсіз.

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Біріншіден: жұма күні оқылатын арнайы сүрелер жоқ. Әркім өзінің қалауына қарай жаттаған кез-келген сүрені оқи береді.

Жатту қиын болу мәселесіне келер болсақ, қандай болғанда да сүрелерді жаттауда табанды болу керек. Соның өзі – өте сауапты іс. Сүрелерді қанша қиналсаңызда табанды болсаңыз Хақ Тағала ықыласыңызға сай зейініңізді ашып жіберуі ғажап емес! 

Хақ Тағала сізге намазды шариғат талабына сай орындауыңызды нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға