Намаз оқу үшін қанша сүре жаттау керек?

Намаз оқу үшін қанша сүре жаттау керек?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Намаз оқу үшін мен қанша сүре жаттауым керек?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала ниетіңізді, намазыңызды, барша құлшылығыңызды қабыл етсін!

Сіздің сұрағыңызда үш мәселе бар!

Біріншіден: негізі намаз оқитын адам кем дегенде үш сүре білсе жетеді. Ол: «Фатиха» сүресі және екі қысқа сүре. Мысалы, «Кәусар» мен «Ихлас» сүрелері.

Неге үш сүре?

Себебі, ең қысқа намаз  екі рәкәғаттан тұрады. Ал осы екі рәкәғаттын біріншісінде «Фатиха» мен «Кәусар» сүресі оқылса, екінші рәкәғатында «Фатиха» мен «Ихлас» сүрелері оқылады.

Екіншіден: егер намаз төрт рәкәғаттан тұрса, оны да «Фатиха», «Кәусар» және «Ихлас» сүрелерін оқумен тмамдай бересіз:

- 1-ші рәкәғат – «Фатиха» және «Кәусар» сүресі;

- 2-ші рәкәғат – «Фатиха» және «Ихлас» сүресі;

- 3-ші рәкәғат – «Фатиха» және «Кәусар» сүресі;

- 4-ші рәкәғат – «Фатиха» және «Ихлас» сүресі.

Үшіншіден: намазды үйреніп жүрген адам екі сүремен-ақ намаз оқыса болады. Мысалы, «Фатиха» және «Ихлас» сүрелерін оқумен. Себебі, бұл – зарурат, яғни ылажсыздан туындаған жағдай. Тек мына нәрсені ескерген жөн! «Фатиха» сүресі намаздың әр рәкәғатында оқылады. Ал қосымша бір сүрені, мысалы «Ихлас» сүресін әр рәкәғатта оқу – мәкрүһ. Сондықтан намаз үйреніп жүрген адам намазын бастапқыда білген бір-екі сүрелерімен оқып, алдағы уақытта қосымша бірнеше сүрені жаттап алғаны жөн.

Алла Тағала намазымызды қабыл етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға