Намазды қаза етіп оқысам бола ма?

Намазды қаза етіп оқысам бола ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум!

Бесін, екінті, ақшам, құптан намаздарын қаза етіп оқыса бола ма? Өйткені жұмыстанамазды уақытылы оқитын жағдай жоқ. Рахмет.

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала намазыңызды қабыл етсін!

Негізі бұл сұраққа жауап берілген еді. Дегенмен сауап үшін тағы жауап берсек артық болмайды.

Әр намазды уақыты оқу – Хақ Тағаланың талабы.Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала «Ниса» сүресінің 103-ші аятында:

إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا

-«Ақиқатында, мүминдерге намазды уақытылы орындау парыз етілді»,-деген.

Сондықтан мүмкіндігінше намазды уақытылы оқысаңыз дұрыс болады.

Сұрағыңыздан намазды не себепті қаза ететініңіз түсініксіз. Егер намаздың қаза болуына жұмыс тәртібі себеп болса, онда әрине, жұмыста басшылық «намазыңды мешітке барып оқы» деп қатаң талап етуі мүмкін. Бұл жағдайда басшылықпен қарсылыққа бармаңыз, оған ренжімеңіз! Ең дұрысы – Алла Тағаладан намазыңызды уақыты өтеуді нәсіп етуін тілеңіз. Тілегенде де бір-екі рет тілеп қана қоймай қайта-қайта тілеңіз. Бәрі Хақ Тағаланың қолында. Дұғада табанды болсаңыз намазыңызға қарсы болған дәл сол басшылықтың өзі-ақ Алла Тағаланың қалауымен: «Сен намаз оқитын едің ғой. Намазыңды оқысаңшы»,-деп айтуы ғажап емес.

Басшылықтан өзге себеп болса, онда әр намазды уақыты оқуға ден қойыңыз. Мысалы, таза жер болмаса, барынша таза жер тауып, жайнамаз төсеп оқыңыз т.с.с.

Алла Тағала баршамызға намазымызды уақыты оқуды нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға