Әкенің орнына ораза ұстау

Әкенің орнына ораза ұстау

Сұрақ: Ас-саләму аләйкум!

Әкемнің орнына ораза ұстасам бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Егер Рамазан оразасы жайында сұрасаңыз оның жауабы: әрбір парыз амалды мукәллифтің өзі орындауы тиіс.

Мукәллиф – шариғат талаптарына сай парыз амалдарды орындауы міндетті пенде. Мысалы, бес уақыт намаз, Рамазан оразасы т.с.с.

Рамазан ораза – парыз, яғни әрбір пендеің өзі орындауы міндетті құлшылық түрі. Сондықтан біреу біреудің орнына ораза сұтап бере алмайды. Мысалы, бала әкесі үшін, қызы анасы үшін парыз оразаны өтеп бере алмайды.

Өзгенің орнына ұстап беруге болатын оразаның түрі бар. Ол – нәпіл ораза. Яғни, Рамазаннан тыс ораза. Мысалы, дүйсенбі және бейсенбі күндегі ораза. Бұл оразаны ұстап, кейін сауабын біреуге бағыштаса болады. Мысалы, баласы – марқұм әкесіне.

Егер сіздің сұрағыңыз Рамазан айындағы парыз оразаға қатысты болып, әкеңіздің қаза, яғни өтелуі тиіс оразасы болса, онда бұл жағдайда бір ғана шара бар. Ол – Алла Тағаладан марқұм әкеңіз үшін көп кешірім тілеу, көп игі амал істеп (нәпіл намаз және ораза, садақа т.с.с.) соның сауабын әкеңізге бағыштау.

Хақ Тағала ниетіңізді қабыл етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға