Балаға біреудің тегін беру

Балаға біреудің тегін беру

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум!

Мен, бұйырса, бір қызбен неке қиямын. Оның бес жасар қызы бар. Оның тегі алатын қызымның атында. Фамилиясы және аты туу туралы куәлігінде жазылған. Енді сол кішкентайды менің қызым, яғни «Ануарқызы» деп және менің тегіме аударып алуға бола ма? Ол қыз некесіз туылғандықтан бұрынғы әкесінің атына заң бекітпейді дейді.

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Тірі жетім қара домалақ қызды қамқорлығыңызға алып жатқан сізге Алла Тағала разы болсын!

Негізі шариғат бойынша баланың тегін ауыстыру дұрыс емес. Тіпті, баланы асырап алғанның өзінде, мысалы нәресте кезінен, бала өскеннен кейін баланың ақиқат ата-анас кім екенін айту міндетті. Әрине, бұл өте нәзік мәселе. Сондықтан мәселені баланың жүрегін жараламайтындай етіп қозғау керек. Бала есейген, ақиқатты қабылдайтындай жаста болу керек.

Негізі сіздің жағдайыңызда қыздың тегін ауыстыру қаншалықты тиімді және қажетті? Ол – бір зарурат емес. Шариғатқа сай амал істеңіз. Құдай қаласа, соның берекеті болады.

Ал өз әкесінің атына заң бекітпеуі мүмкін емес. Себебі туу туралы куәлік алатын кезде ана баланың әкесінің есімін жазса болғаны, сол текпен туу туралы куәлікке жазылады. Бұдан өзге жағдай болса, оны юристтерден анықтап алсаңыз болады.

Алла Тағала отбасыңызды берекелі етіп, қамқорлығыңызға алған баланы өз балаңыздай етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға