Мұсылман емес мемлекетте ораза қалай белгіленеді?

Мұсылман емес мемлекетте ораза қалай белгіленеді?

Мысалы, Еуропаның кейбір мұсылман емес мемлекеттерінде мұсылмандар оразаның басталғанын қалай белгілейді?

Бірінші жолы: жаңа туған айды көрумен.

Екінші жолы: мұсылман елдерінде жаңа туған айды көру жайында хабарды алумен. Мысалы, меккеліктер жаңа туған айды көру жайында хабарды алумен (интернет, телефон арқылы).

Үшінші жолы: өздеріне ең жақын мұсылман мемлекетінде жаңа туған айды көру жайында хабарды алумен. Мәселен, интернет, телефон арқылы.

Мұсылман емес мемлекетіндегі мұсылман ғұламаларының кеңесі (мәжілісі, муфтияты) осы айтылған үш тәсілдің бірін таңдап, оны өз елдерінің мұсылмандарына ұсынуға құқылы.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға