Әйелдер тарауихты мешітте оқыса бола ма?

Әйелдер тарауихты мешітте оқыса бола ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум!

Менің сұрағым: әйелдер тарауих намазын мешітте оқыса бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала оразаңызды, намазыңызды қабыл етсін! Әмин!

Иә, әйелдер тарауих намазын мешітте оқыса болады. Тек әйелдер көпшілік орында болу талаптарын орындаса болғаны. Ол:

- отбасылы әйел – ерінің, бойдақ қыздар – ата-анасының не болмаса уәлиінің рұқсатын алу.

- әуреті жабық болу. Барынша кең, дене пішімін көрсетпейтін киім кигені абзал.

- духи т.с.с. қош иісті заттарды қолданбау. Себебі әтірдің иісі еркектердің көңілі аудырады.

- мешітке келгенде өзіне еркектердің көңілі мен назарын аударатын қылық істемеу. Мысалы, көтеріңкі дауыспен сөйлеу, күлу, жүгіріп-секіру т.с.с.

Осы орында ерекше айта кететін жайт!

Емізулі баласы бар әйелдер мешітке тарауих намазына келмей-ақ қойғаны абзал. Өйткені анасы тарауихте тұрғанда бала жылауы мүмкін. Ал бұл жағдай намаз тұрғандардың ойын бөлетіні сөзсіз.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға