Ертеңнен ауыз бекітсем бола ма?

Ертеңнен ауыз бекітсем бола ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум!

Рамазанның он күні өтіп кетті. Ораза ұстау парыз екенін түсіндім. Енді ертеңнен бастап ораза ұстасам бола ма? Қаза болған күндерімді қалай өтеймін?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Сізге Хақ Тағала разы болсын! Әрине, болады! «Ештең кеш жақсы» демекші тәубеге келіп, ертеңнен болса да ауыз бекітсеңіз өте жақсы әрі дұрыс.

Әрбір пенде қателігін түсініп тәубеге келгені дұрыс. Жаратушы Ие осыны жақсы көреді. Құрандағы «тәубеге келіңдер, кешірім тілеңдер» т.с.с. сөздің мәнісі осы!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Қаза мәселесіне келер болсақ, оны оразадан соң келесі оразаға дейінгі аралықта өтесеңіз болады.

Соңында айтарымыз! «Қайтесің. Ораза басталып кетті. Енді оразаңды келесі жылы бастайсың»,-деген сөзді тыңдамаңыз. Ол – білімсіздікпен айтылып жатқан сөз.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға