Рамазан айында ас берсе бола ма?

Рамазан айында ас берсе бола ма?

Сұрақ:  Ас-саләму аләйкум! Қырқы немесе жылы Рамазан айына келген адамның асын берсе бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Асты күн батқаннан кейін берген дұрыс. Себебі күндіз адамдарды жинап ас беру – Рамазанға деген құрметсіздікке жатады.

Негізі қазіргі уақытта Рамазан айында күндіз ас беретіндер бар. Оларға: «Қазір Рамазан ғой. Неге асты кешке бермедіңіз?»,-десең: «Сондай болып қалды. Кешке кафе мен асханалар бос болмайды»,-деп жауап береді.

Біріншіден: асты кешке берсе – ас иесіне де, марқұмға да жақсы. Өйткені ол кезде ас үшін ауызашардың сауабы жазылады, Құдай қаласа.

Екіншіден: қырқы мен жылын беру – шариғат талабы емес, салт-дәстүр. Сондықтан қырқы мен жылын дәл қырық күн, жылы өткеннен кейін жасау міндетті емес. Оның уақытын өзгертсе болады. Мысалы, кейінге шегеріп.

Негізі Рамазан айының күндізінде ас беру – білімсіздіктен туындап жатқан жағдай. Сондықтан сабыр етіп, Хақ Тағаладан оразаның күндізінде һидаят тілеуден өзге лажымыз жоқ.

Алла Тағала баршамыздың жергімізге дін ақиқатын салсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға