Иғтикәфтің түрлері

Иғтикәфтің түрлері

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Мен иғтикәфқа отырайын деген едім. Маған иғтикәфтің түрлері жайында айтып берсеңіз.

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Ханафи мазһабы бойынша иғтикәфтің үш түрі болады:

1. Уәжіп, яғни нәзір етілген иғтикәф. Иғтикәфтің бұл түрі бір нәрсені нәзір еткен жағдайда міндетті болады. Мәселен: «Пәлен ісім болып кетсе, пәлен күн иғтикәф етуді ниет еттім»,-десе немесе істі атамай-ақ: «Пәлен күн иғтикәф етуді ниет еттім»,-десе, ниет еткен күн бойы мешітте иғтикәф ету уәжіп болады. Нәзір мәселесіне қатысты Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Хақ Тағалаға бойсұнуды нәзір еткен бойсұнсын. Алла Тағалаға қарсы келуді нәзір еткен қарсы келмесін»,-деген.

2. Сүннет муәккәдә иғтикәфтің. Әдетте Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазанның соңғы он күндігінде иғтикәф ететін. Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа) айтады: «Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жантәсілім болғанға дейін Рамазанның соңғы он күндігінде иғтикәфта болатын. Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеден өткеннен кейін әйелдері де солай ететін болды».

3. Нәфіл (немесе мустахаб) иғтикәфтің. Бұл иғтикәфтің белгілі бір уақыты мен мерзімі жоқ. Ниетке қарай орындалады. Тіпті біреу өмір бойы иғтикәф етемін десе, оған да рұқсат.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға