Иғтикәфты не нәрсе бұзады?

Иғтикәфты не нәрсе бұзады?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Иғтикәфты қандай әрекет бұзады?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Иғтикәфті мына әрекеттер бұзады:

1. Мешіттен үзірсіз шығу. Үзірлі жағдайға дәретханаға, ихтиләф болған жағдайда шомылу үшін шығу, жұма намазына (жұма намазы басқа мешітте мысалы, көрші мешітте оқылатын жағдайда), ілім қалқасына, жаназаға қатысу, науқасты зиярат ету жатады. Осы айтылған мақсатта мешіттен шығу иғтикәфты бұзбайды.

Жұма намазына көрші мешітке барған жағдайда иғтикәфтағы адам барған мешітінде он рәкәғат намаздан артық уақыт болмауын қадағалауы тиіс. Яғни, жұма намаздың парызынан бұрын оқылатын төрт рәкәғат сүннет намазын, екі рәкәғат парыз намазын және парыздан кейін оқылатын төрт рәкәғат сүннет намазын оқығаннан кейін иғтикәф етіп жатқан мешітке қайта оралуы тиіс. Мұндай болмаған жағдайда иғтикәфтің бұзылады.

Сонымен қатар, өміріне қауіп төнген жағдайда мешіттен шығу, иғтикәфті жалғастыру ниетімен басқа мешітке ауысу үзірлі жағдайға жатады.

2. Мешіттен үзірлі жағдаймен шыққаннан кейін, мешітке қайта оралмау.

3. Әйелдердің хайз, нифас болуы.

4. Ерлі-зайыптылардың қосылуы.

5. Діннен шығу.

6. Бірнеше күн бойы есінен тану, ақылынан айырылу.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға