Әйел не істесе болады?

Әйел не істесе болады?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Ораза кезінде, соның ішінде Қадір түні әйел күндеріне тап болған әйелзат құлшылықтың қандай түрлерін орындаса болады?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Хайс және нифас (етеккір) күндері әйелге құлшылықтың мына түрлерін орындауға орындауға қатаң түрде тыйым салынады:

- Құран оқу және Құранды ұстау. Алып беру үшін сырты қапталған Құранды ұстаса болады;

- намаз орындау;

- ерімен жақындасу;

- ораза ұстау;

- тауаф ету т.с.с.

Осындай жағдайда әйелзат үшін ең қолайлы құлшылық түрлері:

- Алла Тағала, дін жайында ойлану, пікірлеу;

- діни мазмұндағы кітаптарды оқыса болады. Бірақ арабша аяттарды оқымайды, ал аят аудармаларын оқыса болады;

- түрлі зікірмен шұғылдану. Мысалы, кәлима, истиғфар айту т.с.с.

Басты мәселеде әйел адам жоғарыда айтылған құлшылық түрлерін орындаудан сақтанса болғаны.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға