Қадір түні ұйықтап қалудың жазасы

Қадір түні ұйықтап қалудың жазасы

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Қадір түні ұйықтап қалу күнә ма? Оның жазасы қандай?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Қадір түні – қасиетті түндердің бірі. Өйткені бұл түні пенденің болашағы белгіленеді әрі сол түні істелген құлшылықтың тағдырға әсері ерекше. Сондықтан әрбір мұсылман пенде Қадір түнін хадисте айтылғандай нақ сенім және сауаптан үміттенген, яғни құлшылықпен өткізгені жөн.

Қадір түнін құлшылықпен өткізу – парыз не болмаса уәжіп емес. Сондықтан Қадір түні ұйықтап қалған пендені күнәһар деуге болмайды. Дегенмен Хақ Тағала Құранда Қадір түнін ерекше атап кеткенін және Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бұл түнді Қадір түнін құлшылықпен өткізуге ынталандырғанын әрі Қадір түніндегі құлшылық сексен үш жылдық құлшылыққа тең келетінін ескерген дұрыс. Сондықтан «күнәм аз, сауабым жетеді» дегендер Қадір түнін ұйықтап өткізседе болады!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға