Қалғып кетсе дәрет бұзыла ма?

Қалғып кетсе дәрет бұзыла ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Дәретті бұзатын жағдайға ұйықтап қалу кіреді, ал есіңді білетіндей қалғып кету дәретті бұза ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Бірінші мәселеде «қалғып кету» сөзі қандай жағдайға қатысты айтылған, соны анықтасақ!

Бұл мәселеге екі түрлі жағдай тән:

1. Бірдеңеге сүйеніп отырып қалғып кету.

Бірдеңеге сүйеніп отырып қалғып кетсе дәрет бұзылады. Себебі қалғығаны – есінен кеткені. Сондықтан қанша «есімді біліп отырмын» деседе, абзалы – сақтық үшін дәретті жаңарту. Жатып қалғып кетудің де жағдайы осы.

2. Бірдеңеге сүйенбей отырып қалғып кету.

Бұл жағдайда дәрет бұзылудың шарты – жамбастың жерден көтерілуі. Мәселен, қалғыған жағдайда дене бір тарапқа жантайып, соның себебінен жамбас жерден көтерілуі мүмкін. Бұл жағдайда дәрет бұзылған болады. Дәретті жаңарту қажет.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға