Мүмин нәжіс болмайды!

Мүмин нәжіс болмайды!

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! «Мүмин нәжіс болмайды» дегенді естідім. Осы сөздің мәнісі не?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Бірде Әбу Һурайра р.л.ғ. жүнуб болған халде Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) кездестіреді. Сонда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оның қолынан ұстап, екеуі қатарласып жүреді. Кейін бір жерге жеткенде Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жерге отырады, ал Әбу Һурайра р.л.ғ. бір адамның үйіне барып шомылып келеді. Қайтып келсе Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сол қалпында отыр екен. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Уа, Әбу Һурайра! Қайда болдың?»,-деп сұрайды. Сонда Әбу Һурайра р.л.ғ. неге кетіп қалғанын айтады. Сонда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дейді: «Субханал-лаһ! Уа, Әбу Һурайра! Ақиқатында мүмин нәжіс болмайды!» (Бухари, Муслим)

Осы хадистің ұғымына қатысты имам Науауи (рохматуллаһи ғаләйһи): «Мүминнің тазалығына қатысты айтылған бұл хадистің мәні терең»,-десе ғалымдар осы хадистің негізінде мұсылманның тері, түкірігі, тәпті қанының өзі пәктігі жайында айтқан. Бұл жердегі пәктік – мұсылманның табиғатына қатысты. Әрі бұл жағдайға мүминнің дәретсіз, жүніб, хайз немесе нифас халінде болғаны кедергі бола алмайды. Былайша айтқанда бұл хадис мұсылманның, яғни иманды пенденің қадір-қасиеттілігін көрсетіп, оның рухани пәктігіне меңзейді.

Өкінішке орай біз көп жағдайда мұсылмандардың руханиятына мән берместен, сыртқы көрінсіне қарап діндестерімізді жек көріп жатамыз, олардың кем-кетігін байқап, оны жария етіп масқаралап жатамыз. Болмаса, қайсымыздың кемшіліксіз жоқ!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға