Құранды қалай оқыған абзал?

Құранды қалай оқыған абзал?

Сұрақ: Ас-саләму аләйкум! Мен Құран оқығанды жақсы көремін. Менің сұрағым: Құранды қалай оқыған абзал, жатқа ма әлде жүзінен бе?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Хақ Тағала ниетіңіз бен амалыңызды қабыл етсін!

Ғалымдардың пікірінше пенде жүректе Алла Тағалаға деген иманды арттыра түсетін амалды істегені абзал. Егер Хақ Тағалаға бойсұну сезімі артуына Құранды жатқа оқу септігін тигізсе, онда Құранды жатқа оқыған абзал, ал егер Құранды жүзінен оқу септігін тигізсе, онда жүзінен оқыған абзал. Ал егер екі амалдың әсері тең болса, онда Құранды жүзінен оқыған абзал, себебі бұл әрекет өзіне екі амалды қамтыған: Құранды тіл және көзбен оқу. Бұл пікірді имам Науауи (рохматуллаһи ғаләйһи) өзінің«Аль-Әзкар» еңбегінде айтқан.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға