Ақиқатты айтпаған – үндемес шайтан ба?!

Ақиқатты айтпаған – үндемес шайтан ба?!

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! «Өзінікі дұрыс болса да ұрыс-керістен бас тартқан адамның жәннәтта үйі болатынына мен кепілмін»,-деп Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтқан. Өткенде Асыл арнадан бір имам: «Біреу дұрыс емес нәрсе айтқан болса, үндемей қалуға болмайды. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) «шындықты айтпастан үндемей қалған үндемес шайтан»,-деді. Осыған толық түсініктеме бересіз бе?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Негізі Алла Тағала Құранда және Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) хадисінде шындықты айтуды, ақиқатты жасырмауды және бұрмаламауды бұйырған. Бұл Құран мен хадисте атылуы тиіс болған мәселелер жатады. Мысалы, Хақ Тағаланың жалғыздығы, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығы, намаздың парыздығы т.с.с. Негізі бұл мәселе қырық парыздың бірі, яғни «жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыюға» жатады. Дегенмен, бұл мәселеде уасытыя, яғни ортаңғы жолды ұстанған жөн. Айтар болсақ, кейде ақиқатты айту мүмкін болмайтын жағдайлар болады. Бұған мысал баршылық! Мәселен, иманын жасырған Асия анамыз. Тіпті Пайғамбарымыздың өзі (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бастапқыда мұсылмандарға дінін жасыруды бұйырмады ма?!

Ал «шындықты айтпай үндемей қалған үндемес шайтан» сөзіне келер болсақ, ғалымдардың айтуынша бұл сөз хадис емес, ғалымдардың сөзі. Мәселен, Абдул-Хайи ибн Мухаммад Әл-Ғаммад Әл-Ханбали (рохматуллаһи ғаләйһи) бұл сөзді айтқан Әл-Хасан ибн Әли Ән-Нисабури (рохматуллаһи ғаләйһи) десе, ғалымдардың кейбірі: «Шындықты айтпастан үндемей қалған үндемес шайтан» деп айтқан ең бірінші адам – Әл-Хасан ибн Әли Ән-Нисабури (рохматуллаһи ғаләйһи)»,-деген.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға