Бір аяғы жоқ адамның жұма намазы

Бір аяғы жоқ адамның жұма намазы

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Менің бір аяғым жоқ. Жұма намаз мен үшін парыз ба?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала құлшылығыңызды қабыл етсін!

Ер адам үшін жұма намаз парыз болудың екі шарты – дені сау болу және жолда қауіп-қатер болмау. Бұл жайында хадисте баян етілген. Яғни, жұма намаз оқитын адам жұма намазына жете алатындай болуы тиіс. Сондықтан егер дәл сіздегі жағдайыңыз себепті жұма намазына жете алмайтындай болсаңыз, мысалы мешіттен алыс тұрып, көліктің ыңғайы болмаса, арбасыз қозғала алмайсыз әрі арбаңыз болмаса т.с.с., онда сізге жұма міндетті емес. Бірақ жұма намазына, тіпті ерте шығып болса да, мәселен балдақпен болсын келе алсаңыз, онда жұма намазын оқисыз. Әрине, егер балдақпен келгеніңіз бір кеселіңіздің ұлғаюына себеп болса, онда жамағат намазы сізге міндетті емес. Себебі, бұл жағдайда сіз үзір иесі боласыз.

Тарихты қарар болсақ, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жамағат намазына шықпаған кезі болған. Бірақ бұған Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қатты ауырып, қозғалуы тым машақатты болғаны себеп болған еді.

Сахабаларға келер болсақ, науқастанған жағдайда олардың аз болсын қозғалуға шамасы келгені, біреудің жәрдемімен болса да, жамағат намазына қатысатын.

Алла Тағала ыждағатңызды қабыл етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға